Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Кейбір мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №1592 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4605 нөмірімен тіркелген, «Ақмешiт апталығы» газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №9, «Кызылорда Таймс» газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №10 жарияланған);
2) «Қызылорда қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 01 шілдедегі №2048 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4734 нөмірімен тіркелген, «Ақмешiт апталығы» газетінде 2014 жылғы 06 тамыздағы №43, «Кызылорда Таймс» газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №32 жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
ҚАЛА ӘКІМІ
Н. НӘЛІБАЕВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.