2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,жан басына шаққандағы қаржыландыру жәнеата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 ақпан 2016 ж.

    2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,жан басына шаққандағы қаржыландыру жәнеата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6бабының 4тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариалануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовке жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Досаев

    Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «16» ақпандағы № 49 қаулысына қосымша

    2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Мектепке дейінгі мекемелер
    Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландырылатын
    Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын
    Бір айға ата- ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
    Республикалық нысаналы трансферттер есебінен
    Жергілікті бюджет есебінен
    Республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)
    Жергілікті бюджет есебінен (теңге)
    Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар
    1
    Шағын орталықтар
    1485
    175
    14198
    14198
    6000
    2
    Балабақшалар
    1700
    1190
    25000
    25000
    7000
    Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар
    1
    Шағын орталықтар
    150
    0
    7099
    0
    0
    2
    Балабақшалар
    395
    0
    25000
    0
    0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.