Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 наурыздағы № 92 «Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 наурыздағы № 92 «Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 наурыздағы № 92 «Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

    аталған қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын.

    «1. Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «ӨЗЕНИНВЕСТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзен Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенэнергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Таза-Жаңаөзен» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсiн»;

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

    Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы

    М. Мұқаш

    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

    2026 жылғы 15 маусымдағы

    № 346 қаулысына қосымша

    Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

    1. Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

    Р/с
    Кә­сі­по­рын­дар­дың ата­уы
    Та­за кі­ріс мөл­ше­рі
    Ауда­ры­лу­ға жа­та­тын та­за кі­ріс со­ма­сы
    1.
    2.
    3.
    4.
    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «ӨЗЕНИНВЕСТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны; Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзен Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенэнергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Таза-Жаңаөзен» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
    та­за кі­ріс 3 000 000 тең­ге­ге дей­ін
    та­за кі­ріс со­ма­сы­нан 5 пай­ыз
    та­за кі­ріс 3 000 001 тең­ге­ден 50 000 000 тең­ге­ге дей­ін
    150 000 тең­ге + 3 000 000 тең­ге мөл­шер­де­гі та­за кі­рі­стен ас­қан со­ма­дан 10 пай­ыз
    та­за кі­ріс 50 000 001 тең­ге­ден 250 000 000 тең­ге­ге дей­ін
    4 850 000 тең­ге + 50 000 000 мөл­шер­де­гі та­за кі­рі­стен ас­қан со­ма­дан 15 пай­ыз
    та­за та­быс 250 000 000 тең­ге­ден 500 000 000 тең­ге­ге дей­ін
    34 850 000 тең­ге + 250 000 000 тең­ге мөл­шер­де­гі та­за кі­рі­стен ас­қан со­ма­дан 25 пай­ыз
    2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың игілігінде қалған таза кіріс бөліктері кәсіпорынды дамытуға, мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобаларға жіберілсін.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.