"Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Қызылрда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі № 3438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифiн белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі №3438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. «Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифiн белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі №3438 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10-1-210 тіркелген, «Кызылорда Таймс» газетінде 2013 жылғы 4 мамырдағы №18 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

    аталған қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

    «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгiлеу туралы»;

    қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

    «1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгіленсін:

    1) автобус және шағын автобустарда 70 теңге көлемінде;

    2) 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 30 теңге көлемінде.».

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда қаласының әкімі

    Н. Нәлібаев

    «КЕЛIСIЛДI»

    Қызылорда қалалық

    мәслихатының хатшысы

    Р. Боханова

    __________________

    «10» маусым 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.