Өтенай ауылдық округі Өтенай ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 маусым 2026 ж.

    Өтенай ауылдық округі Өтенай ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 26 мамырдағы қорытындысы негізінде, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Өтенай ауылдық округі, Жастар 3 тұрғын үй алабы бойынша келесі атаулар берілсін:

    - №12 атауы жоқ жаңа көше – Тәңірберген Әлімбаев көшесі;

    - №16 атауы жоқ жаңа көше – Кәкібай Қожахметұлы көшесі;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Турабаевқа жүктелсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Өтенай ауылдық округінің әкімі

    Р. Малтаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.