«Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптауды белгілеу туралы» бұйрығына, Ерейментау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 5 маусымдағы кезектен тыс отырысының №3 хаттамасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау қаласының «Теплосервис» ШЖҚ МКК №5 қазандығында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауының алдын алу мақсатында, соның салдарынан 50-ден астам адамның Ерейментау қаласының тыныс-тіршілігінің бұзылуы немесе бес адамнан жоғары өлім салдары туындауы мүмкін. Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының аумағында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Е. Б. Құттыбаев тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі
Н.Мұқатов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.