"Ветеринария саласы бойынша зертханалық-диагностикалық зерттеулерінің үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 16-07/582 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 сәуір 2016 ж.

    «Ветеринария саласы бойынша зертханалық-диагностикалық зерттеулерінің үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 16-07/582 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ветеринария саласы бойынша зертханалық-диагностикалық зерттеулерінің үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 16-07/582 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9011 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 72 (28296) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;

    2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

    Министр

    А. Мамытбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.