2026 жылға арналған Глубокое ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 7-1- бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026 жылға Губокое ауданы бойынша аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерiнде туристік жарна мөлшерлемесі бекiтiлсiн.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы
А. Калигожин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.