Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 30 мамырдағы N 738 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қараша 2001 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 30 мамырдағы N 738 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

    1. "Ел iшiнде кәсiптiк жоғары бiлiмдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға 2001/2002 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 мамырдағы N 738 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

    көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ел iшiнде кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға 2001/2002 оқу жылына арналған мемлекеттiк білiм беру тапсырысында:

    "Барлығы" деген жолдағы "12835" деген сан "13335" деген санмен ауыстырылсын:

    ---------------------------------------------------------------- "Өнер жоғары оқу орындары" ! 600 ! ! ! 137,0 ---------------------------------------------------------------- деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: ---------------------------------------------------------------- "М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу ! 100 ! ! ! 552,0 мемлекеттiк университетiнiң ! ! ! ! Қазақстандағы филиалында ! ! ! ! студенттердi оқытуға" ! ! ! !

    "Мәскеу авиациялық институтының ! 10 ! ! ! 108,4" "Восход" филиалында студенттердi ! ! ! ! оқытуға" ! ! ! ! ---------------------------------------------------------------- "Резерв" деген жолдағы "1490" деген сан "1880" деген санмен ауыстырылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.