Өскемен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 маусым 2026 ж.

    Өскемен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Өскемен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын;

    2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы

    А. Светаш

    Өскемен қалалық мәслихатының

    2026 жылғы 16 маусымдағы

    № 46/2-VIII шешіміне

    қосымша

    Өскемен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    № р/с
    Ата­уы
    Есеп­теу бір­лі­гі
    Қыз­мет құ­ны, тең­ге
    1
    Жай­лы үй­лер
    тұр­ғын/ай­ы­на
    757
    2
    Жай­лы емес үй­лер
    тұр­ғын/ай­ы­на
    718
    3
    Жыл­дық та­риф бір­лі­гіне (кө­лем)
    1 м3
    3391

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.