Облыстық "Асыл мұра" бағдарламасы туралы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" қаулысын орындауда Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тілдерді колдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған облыстық "Асыл мұра" бағдарламасы бекітілсін (қосымша беріліп отыр).
2. Бағдарламаның орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғанов пен облыстық мәслихаттың оқу, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау комиссиясына жүктелсін.
Қостанай облыстық мәслихатының тоғызыншы сессиясының төрағасы
А. Волков
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
В. Мягков
"АСЫЛ МҰРА" тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты
|
Атауы
|
"Асыл мұра" тілдерді колдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы
|
|
Әзірлеуге негіздеме
|
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы"
қаулысына сәйкес әзірленген.
|
|
Негізгі әзірлеуші, авторы
|
Қ.Орманов - облыс әкімінін тіл мәселелері жөніндегі кеңесшісі
|
|
Мемлекеттік тілді қолданудың бүгінгі жағдайы
|
"Тілдер туралы" Заң кабылданған
нан бері облыста мемлекеттік тілді дамыту
жолында, іс кағаздарын мемлекеттік тілге көшіруде
бірталай іс тындырылды. Бірак, бүның барлығы
бүгінгі күннін талабына жауап бере алмай отыр.
Сондықтан да жаңа бағдарлама "Тілдер туралы" Занды орындау барысында жіберіліп отырған кемшіліктердің орнын толтырып, "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 —2010 жылдарға арналган" Мемлекеттік бағдарламаны ойдағыдай орындауға мүмкіндік туғызбақшы.
|
|
Бағдарламаның максаттары:
|
Мемлекеттің қазіргі тіл саясатын іске сыру үшін:
- мемлекеттік тілді тегін және еркін меңгеруге;
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік
қызметін кеңейту мен нығайтуға;
- орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтауға;
- этникалық топтардың тілдерін дамытуға қолайлы
жағдайлар туғызу.
|
|
Бағдарламаның міндеттері:
|
1. Жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заң кесімдерімен тыйым салынбайтын басқа көздер есебінен азаматтарды мемлекеттік тілге тегін оқытудың бірегей жүйесін ұйымдастыру.
2. Мемлекеттік тілді:
- мемлекеттік басқару тілі дәрежесіне көтеру;
- барлық мемлекеттік үйымдарда және жергілікті өзін- өзі басқару органдарында іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік үйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми қолданылатын тіл ретінде орыс тілінің қызмет етуін қамтамасыз ету.
4. Этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін
оқуына мемлекеттік қолдау көрсету.
5. Әскелең үрпақты қазақстандық патриотизм рухында:
- Қазақстанның және туған өлкенің тәртібің;
- Біздің облысымызда тұрып жатқан халықтардың дәстурлерін және салттарын оқып үйрену арқылы тәрбиелеу.
6. РФ Орынбор, Қорған және Челябі облыстарындағықазақ диаспорысының ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру.
|
|
Қаржыландыру
көздері:
|
Осы бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету
жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ҚР заңнамалық актілермен тиым салынбаған басқа да
көздерден жүзеге асырылады.
Бюджет каражатының алғашқы ұш жылға ең төменгі есепті кажеттілігі 27 млн 680 мың теңге.
- 2002 жылға - 9 млм 960 мың теңге;
- 2003 жылға - 10 млн 460 мың теңге;
- 2004 жылға - 7 млн 260 мың теңге.
Оның жыл сайынғы көлемі тиісті жылға арналған
жұмыс жоспарына сәйкес нактыланатын болады.
|
|
Күтілетін нәтижелер
|
- 10 жылға жасалған "Асыл мүра" бағдарламасын іске асыру, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақп.ілауга іске асыру үшін жагдай
туғызуды;
- орыс тілінің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін негізгі функцияларының сақталуын, этникалық қауымдастықтардың тілдерін оқу және дамыту үшін жағдай туғызуды;
- РФ шекаралас облыстарындағы қазақ
- диаспорасына ана тілін оқытуда нақты көмек көрсетуді;
- Отанның шынайы патриоттарын тәрбиелеуде нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейді.
|
Бағдарламаның кұрылымы және максаттарға кол жеткізудін тетігі
"Асыл мұра" бағдарламасы мынадай белімдерді қамтиды:
1. Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
2. Білім беру саласында мемлекеттік тілді дамыту және басқа тілдерге оқыту;
3. Мемлекеттік тілді үлттық мәдениет арқылы насихаттау;
4. Ұлттық сана-сезім және "Асыл мұра" бағдарламасын ақпараттық жағынан қолдау;
"Асыл мүра" бағдарламасы:
- қажетті базамен және техникалық құралдармен жарақталған облыстық ғылыми-әдістемелік Орталық құру;
- мемлекеттік тілді оқыту сапасын жақсарту;
- қажетіне қарай мемлекеттік тілде оқытатын қосымша мектеп және мектепке дейінгі мекемелер құру есебінен орындалады.
Кіріспе
Уақыт біздің ұрпақ алдында:
- біздің мемлекеттігіміздің нығайюы, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебесін беру, барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін – өзі басқару органдарында оны мемлекеттік басқару және іс жүргізудің негізгі тіліне айналдыру;
- өскелең үрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;
- барлык, қазақстандықтардың ұлттық сапа-сезімін артгыруда-ерекше міндеттер қояды.
Осылардың барлығын ескере келгенде 10 жылға (2001-2010) есептелген облыстық "АСЫЛ МҰРА" бағдарламасы қостанайлықтардың тілдерді дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерін және оларды іске асыру тетіктеріп анықтайды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентініц 2001 жылғы 7 ақпандағы Жарлығымен бекітілген "2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 06.04. "2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына" сәйкес жасалған.
"АСЫЛ МҰРА" бағдарламасы мемлекеттік тілді дамыту, біздің кіші Отанымыздың географиялық орналасуын, үлттық құрамын, мемлекеттік тілді білу деңгейі мен біздің облыс халқының ділін ескере келіп, оны қолдану аясын кеңейту арқылы тіл саясатын іске асыру саласында қажетті жағдайлар жасауды қарастырады.
Тіл тәуелсіз мемлекеттің дамуының маңызды шарттарының бірі, облыс аумағында тұрып жатқан көп ұлт өкілдерінің бірлігін нығайтудың маңызды факторы болып табылады.
Тіл проблемасы ұлттық саясатқа да кең көлемде әсер етері сөзсіз.
Сондықтан бағдарламаны жүзеге асыру барысында Конституцияда белгіленгендей халықтың екі тілді де бірдей меңгеруіне шынайы жағдайлар жасалатын болады, халықтың бойында, әсіресе өскелең үрпақта, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімі тәрбиеленеді.
Бағдарлама даярланған кезде қалалар мен аудандар, облыстық мекемелер және ұйымдар басшыларының, сондай-ақ тіл білімі мамандарының пікірлері мен ұсыныстары ескерілді.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.