Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

    1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

    көрсетiлген қаулыға қосымшада:

    Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын беру жөнiндегi комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:

    Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Бiлім және

    Нұралы Сұлтанұлы ғылым министрi;

    Тiлеухан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,

    Бекболат Қанайұлы ақпарат және қоғамдық келiсiм

    министрлiгi Мәдениет комитетiнiң

    төрағасы;

    көрсетiлген құрамнан Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев, Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Дүйсен Қорабайұлы Қасейiнов шығарылсын;

    "Құл Мұхаммед - Қазақстан Республикасы Парламентi

    Мұхтар Абрарұлы Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)"

    деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    "Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет,

    Мұхтар Абрарұлы ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi,

    төрағаның орынбасары"

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.