2001 жылы Атырау облысында суда жүзетін жабайы құстар және аңдарды аулаудың күзгі-қысқы маусымын ашу туралы
Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, өсімін ұлғайту және пайдалану туралы» Заңның 14-бабына сәйкес ШЕШЕМ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысының орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының құзырындағы «Золотенок», «Орман» ңшылар мен балықшылардың облыстық қоғамының аңшылық шаруашылықтарында және облыстың еркін аңшылық жерлерінде 2001 жылы суда жүзетін жабайы құстар және аңдарды аулаудың күзгі-қысқы маусымын өткізу мерзімі №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Әрбір аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері аулауға тыйым аулауға тыйым салынған күндер болып есептелсін (тыныштық күндері).
3. Шетел азаматтарына аң аулауға жылжымалы кесте бойынша рұқсат етіліп, маусым бойы тыныштық күндері 25 күннен кем болмауы белгіленсін.
4. Аң шаруашылықтарын пайдаланушылары: «Золотенок» (Муратуллин Ж.), «Орман» (Даугалиев Қ.) аңшылар мен балық аулаушылардың облыстық қоғамы (Тасқынбаев Е.):
1) Аулау маусымын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізсін, ол үшін, белгілерді жаңартып, егерлік күзетті күшейтсін, рұқсат беру құжаттарын алдын-ала даярласын және аң аулауды тек аңшылық жерлерін пайдаланушылардың жолдамаларымен жүргізілсін;
2) Аң аулау Ережелерін бұзушылармен, браконьерлермен күресті күшейтсін, құқық қорғау және бақылау органдарымен бірлесе тексеру рейдтерін қарастырып нақты шаралар жоспарын әзірлесін;
3) Суда жүзетін жабайы құстар және жабайы аңдарды аулағаны үшін төлемдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998жылғы 22 шілдедегі №688, 1998 жылғы 11 тамыздағы №760 Қаулыларында бекітілген көлемге сәйкес жиналуын және олардың республика бюджетіне мерзімінде түсуін қамтамасыз етсін.
4) Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы (Таубаев Б.Ж.) мен жануарлар және өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылаудың аумақтық басқармасына (Көргенов М.К.) жүктелсін.
Облыс әкімі
С.Дәукеев
Атырау облысы әкімінің
2001 жылғы 22 тамыздағы
№278 шешіміне 1-қосымша
Атырау облысында 2001-2002 жылдардағы күзгі-қысқы әуесқой аң аулау маусымынын МЕРЗІМДЕРІ
|
№
|
Жануарлар мен аңдардың түрлері
|
Аулау мерзімдері
|
|
1
|
Кептерлер, тұркептерлер, балшықшылар
|
25 тамыз – 30 қараша аралығы
|
|
2
|
Қаздар, қарашақаздар, үйректер, бейнарықтар, сүқұзғындар, сұқсұрлар, көкқұтандар, көлбұқалар, шілдер
|
8 қыркүйек – 30 қараша аралығы
|
|
3
|
Борсық
|
1 қыркүйектен індеткенге дейін
|
|
4
|
Түлкі, қарсақ, күзен (келісім шарт бойынша ғана) жанат тәрізді ит, шұбар мысық, қояндар
|
2001 жылдың 1 қарашасынан – 2002 жылдың 15 ақпанына дейін
|
|
5
|
Жабайы шошқа
|
1 қыркүйек – 31 желтоқсан аралығы
|
|
6
|
Ондатр
|
2001 жылдың 1 қазанынан – 2002 жылдың 15 ақпанына дейін
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.