«Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 маусым 2026 ж.

    «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:

    4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелген) «Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қойылу туралы куәліктің, жазылу индексінің (болған жағдайда) және ISSN (International Standard Serial Number (Интернйэшнл Стандард Сериал Намбер)) (бұдан әрі – ISSN) халықаралық стандартты сериялық нөмірінің болуы;»;

    5-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) шетелдік дәйексөз жүйелерінде ғылыми басылымның таралуы немесе Қазақстандық дәйексөз базасында журналдың импакт-факторының болуы. Басылымның ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде тіркелуі;»;

    6-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) цифрлық электрондық кітапханаларда/репозиторийлерде ғылыми журналдың таралуы немесе Қазақстандық дәйексөз базасында журналдың импакт-факторының болуы. Журналдың ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде тіркелуі;»;

    7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағына сәйкес таралымы кемінде 500 (бес жүз) дана болатын журналдарды қоспағанда, Қағидаларға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қою туралы куәліктің болуы;»;

    7-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) мемлекеттік құпияларды қамтитын және қызмет бабында пайдалану үшін шектеу белгісі бар ғылыми журналдарды қоспағанда, журналға цифрлық ресурстар арқылы қол жеткізу;

    6) шетелдік авторлар жарияланымдарының болуын білдіретін журналдың халықаралық бағыттылығы, сондай-ақ материал жарияланатын ғылым саласындағы журналдың редакция алқасының халықаралық құрамы (мемлекеттік құпияларды қамтитын және қызмет бабында пайдалану үшін шектеу белгісі бар журналдардан басқа). Журнал орналасқан цифрлық ресурстарда дәрежесі және ғылыми атағы (болған жағдайда) көрсетілген редакция алқасы мүшелерінің деректері келтіріледі;»;

    9-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) баспа және өндірістік процестерінің ашықтығын қамтамасыз етудің цифрлық жүйелерінің болуы, атап айтқанда өңдеу, беттеу, дизайн процестерін басқару және бақылау үшін заманауи технологияларды пайдалану, есепке алу мен мониторингтің автоматтандырылған жүйелерін енгізу;»;

    9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «10) жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз ететін білікті қызметкерлердің болуы (кемінде барлығынан 80% (сексен пайыз). Қызметкерлерде баспа, полиграфия, қаржы, дизайн, филология немесе журналистика, цифрлық технологиялар салаларында құзыреттілігі мен тәжірибесінің болуы немесе академиялық баспаларда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Академиялық баспаларда кемінде 5 (бес) жыл басшылық лауазымдарында жұмыс тәжірибесі бар білікті топ менеджмент (дирекция) болуы;».

    2. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарда:

    3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) пайдаланушыларға үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) аккредиттеу туралы қажетті ақпарат ұсынылатын цифрлық жүйе (сайт). Шетелдік аккредиттеу органдары үшін сайтта қазақстандық ЖЖОКБҰ-ны аккредиттеу туралы ақпарат беретін ағылшын тіліндегі парақшаның болуы жеткілікті;»;

    8-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Аккредиттеу органының цифрлық жүйесінде (сайтында) мынадай ақпарат жариялануы керек:»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Аккредиттеу органы жүзеге асыратын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы деректерді енгізу үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесінде тіркелген болуы қажет.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларында:

    2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «12) уәкілетті органның цифрлық жүйесі – Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы.»;

    3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «ЖББП-да ұсынылатын құжаттарға аккредиттеу органының заңды өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.»;

    5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын, 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

    С. Нурбек

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрі

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары

    білім министрі

    2026 жылғы 16 маусымдағы

    № 290 бұйрығына

    қосымша

    Жоғары және жоғары оқу

    орнынан кейінгі білім беру

    саласындағы аккредиттеу

    органдарын, оның ішінде

    шетелдік аккредиттеу органдарын

    тану қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    *___________________________________________ (аккредиттеу органының атауы) кезеңдегі қызметі туралы есебі

    Ба­ғыт
    Си­патта­ма
    1.
    Мү­ше­лік (ата­уы, мер­зім­де­рі). Бей­і­ні бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық бір­ле­стіктер­ге кі­ру (ата­уы, мер­зім­де­рі)
    2.
    Цифр­лық жүйе (3 тіл­де). Ше­тел­дік ак­кре­дит­теу ор­ган­да­ры үшін Қа­зақ­стан­ның жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ақ­па­рат бе­рі­л­ген ағы­л­шын ті­лін­де­гі сайт па­ра­ғы­ның бо­луы жет­кі­лік­ті
    3.
    Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру­ді ак­кре­дит­теу стан­дарт­та­ры, олар­дың сайт­та бо­луы
    4.
    Ұй­ым­ның да­му стра­те­ги­я­сы, оның сайт­та бо­луы
    5.
    Ұй­ым­дық құ­ры­лым және ак­кре­лит­теу ор­га­нын бас­қа­ру. Кадр­лық әле­ует (ғы­лы­ми дә­ре­же­сін (бар бол­са) көр­се­те оты­рып, бар­лық штат­та­ғы қыз­мет­кер­лер­ді көр­се­ту, сер­ти­фи­кат­тар­ды тір­кей оты­рып, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы ақ­па­рат және сайт­та ақ­па­рат­тың бо­луы)
    6.
    Са­рап­шы­лар­дың құ­ра­мы (ті­зім, ғы­лы­ми дә­ре­же­лер (бар бол­са), бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­ста­ры (бар бол­са)
    7.
    Ал­қа­лы ор­ган­дар және олар­дың ере­же­ле­рі (Ак­кре­дит­теу ке­ңе­сі, са­рап­та­ма­лық ке­ңес, ша­ғым­дар ке­ңе­сі және бас­қа­ла­ры)
    8.
    Ба­ға са­я­са­тын қа­лып­та­сты­ру және оның құ­рам­дас бө­лік­те­рі, сайт­та ақ­па­рат­тың бо­луы
    9.
    Сайт­та көр­се­те оты­рып, ак­кре­дит­теу ор­га­ны бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын ак­кре­дит­те­уді жү­зе­ге асы­ра­тын кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғыт­та­ры
    10.
    Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы жа­ри­я­лан­ған ақ­па­рат (ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүйе). Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның неме­се олар­дың бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның сырт­қы аудит­те­рі ту­ра­лы есеп­тер, ак­кре­дит­теу ке­ңе­сі­нің ше­шім­де­рі және ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тер ұсы­ны­л­ған ак­кре­дит­теу ор­га­ны­ның ин­тер­нет-ре­сур­сы­на сі­л­те­ме­лер
    11.
    Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ак­кре­дит­те­уден өт­кен ак­кре­дит­тел­ген ұй­ым­дар­дың са­ны. Ак­кре­дит­тел­ген жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның, ак­кре­дит­тел­ген бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ата­уы, ак­кре­дит­те­уден өт­кі­зу мер­зім­де­рі, ак­кре­дит­теу стан­дарт­та­ры­на (ре­гла­мент­те­ріне) сәй­кест­і­гі, ұсы­ным­дар
    12.
    Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­те­уден өт­кен ак­кре­дит­тел­ген ұй­ым­дар­дың са­ны. Ак­кре­дит­тел­ген жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның, ак­кре­дит­тел­ген бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ата­уы, ак­кре­дит­те­уден өт­кі­зу мер­зім­де­рі, ак­кре­дит­теу стан­дарт­та­ры­на (ре­гла­мент­те­ріне) сәй­кест­і­гі, ұсы­ным­дар
    13.
    Ұй­ым қыз­ме­ті­нің негіз­гі нәти­же­ле­рі ту­ра­лы тал­да­ма­лық ақ­па­рат және сайт­та ақ­па­рат­тың бо­луы
    14.
    Ак­кре­дит­теу ор­га­ны­ның соң­ғы 5 (бес) жыл­да­ғы сырт­қы ауди­ті (тек­се­ріс) және ол ту­ра­лы сайт­та ақ­па­рат­тың бо­луы
    15.
    Ұй­ым­ның және кә­сі­би мі­нез-құлық­тың іш­кі са­па­сын қам­та­ма­сыз ету (ак­кре­дит­теу ор­га­ны­ның іш­кі құ­жат­та­ры, нор­ма­тив­тік құ­жат­тар, са­рап­шы­лар­дың эти­ка­сы және бас­қа­сы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.