Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 16 қараша 2001 ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 P001587_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-жолмен толықтырылсын: "27. "Индустриалдық парк" ААҚ (Астана қаласы) 100%". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.