«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚолданыстағыҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының, Тайынша ауданының, Қызылжар ауданының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан.

    «Qyzyljar» АЭА аумағы 984,3 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

    мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

    «5-1. Әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегіндегі жерлерде кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру үшін; оның салдарынан әуе кеңістігінде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстарды жүргізу үшін; құстардың топталып жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрінісін нашарлататын объектілерді орналастыру, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдаланумен тікелей байланысты емес, бірақ АЭА аумағында ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне әсерін тигізетін кез келген басқа қызмет үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу қажет».»;

    Ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2026 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    «Qyzyljar»

    арнайы экономикалық

    аймағы туралы ережеге

    қосымша

    «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

    «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының, Тайынша ауданының, Қызылжар ауданының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан (№ 1 қосалқы аймақ – 15 га, № 2 қосалқы аймақ –7,3 га, № 3 қосалқы аймақ – 160 га, № 4 қосалқы аймақ – 30 га, № 5 қосалқы аймақ – 150 га, № 6 қосалқы аймақ – 200 га, № 7 қосалқы аймақ – 200 га, № 8 қосалқы аймақ – 222 га).

    «Qyzyljar» АЭА жалпы ауданы – 984,3 гектарды құрайды.

    «Qyzyljar» АЭА № 1 қосалқы аймағы

    Аумақ қала орталығында орналасқан, Парковая көшесі.

    Ауданы – 15 гектарды құрайды.

    «Qyzyljar» АЭА № 2 қосалқы аймағы

    Аумақ Береке шағын ауданында орналасқан, Нефтепроводная көшесі.

    Ауданы – 7,3 гектарды құрайды.

    «Qyzyljar» АЭА № 3 қосалқы аймағы

    Аумақ айналма жол ауданында орналасқан, Промышленная көшесі, ЖЭО 2. Ауданы – 160 гектарды құрайды.

    «Qyzyljar» АЭА № 4 қосалқы аймағы

    Аумақ Шығыс шағын ауданында орналасқан.

    Ауданы – 30 гектарды құрайды.

    «Qyzyljar» АЭА № 5 қосалқы аймағы

    Аумақ Петропавл қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан, Теплые Кусты көшесі. Ауданы – 150 гектарды құрайды.

    «Qyzyljar» АЭА № 6 қосалқы аймағы

    Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінде орналасқан. Ауданы – 200 гектарды құрайды.

    «Qyzyljar» АЭА № 7 қосалқы аймағы
    Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимка ауылдық округінің Новоишимка ауылында орналасқан.
    Ауданы – 200 гектарды құрайды.

    «Qyzyljar» АЭА № 8 қосалқы аймағы

    Аумағы «Жезқазған – Петропавл» тас жолы, 1 ғимарат, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Прибрежный ауылдық округі, Прибрежное ауылында орналасқан. Ауданы – 222 гектарды құрайды.

    _________________________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2026 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2019 жылғы 11 қазандағы

    № 758 қаулысымен

    бекітілген

    «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

    Р/с
    Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер
    Өл­шем бір­лі­гі*
    Ба­за­лық ке­зең
    (2019 жыл)
    2024
    жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2029
    жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2034
    жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2039
    жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2044
    жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    1.
    Тар­ты­л­ған
    ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де:
    млрд
    тең­ге
    21
    175
    245,55
    247,6
    249
    250
    1.1
    ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    16
    158
    98,157
    100,2
    100,2
    101,2
    1.2
    отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    5
    17
    147,4
    147,4
    148,8
    148,8
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    2.
    АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    -
    4,5
    274
    283
    287
    290
    3.
    Қа­ты­су­шы­лар са­ны
    ком­па­ни­я­лар
    1
    15
    28
    29
    30
    30
    4.
    Қо­сал­қы қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын адам­дар са­ны
    адам­дар
    10
    23
    33
    40
    42
    48
    5.
    АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    адам
    300
    1 000
    3 190
    3 430
    3 550
    3 740
    6
    АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
    %
    30
    55
    70
    80
    83
    86
    * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    _________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.