Дарынды балалар үшін музыкалық-эстетикалық саладағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатын ашу жөнінде

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Дарынды балалар үшін музыкалық-эстетикалық саладағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатын ашу жөнінде

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 16.09.96 ж "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Дарынды балалар үшiн арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы" өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 1125 Қаулысын орындау үшiн облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:

    1. 1997 жылдың 1 қыркүйегiнен Петропавл гуманитарлық колледжi жанынан 1-9 сыныптардың дарынды балалары үшiн облыстық мамандандырылған музыкалық-эстетикалық саладағы мектеп-интернаты ашылсын.

    2. Облқаржыбасқармасы /Сутулов Ф.Ф./ дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты облыстық бюджетiне бiлiм жүйесiне қарастырылған шеңберде, Петропавл қаласы аумағындағы, аумағына кiретiн мектеп-интернаттың тәрбиеленушiлерiнiң жалпы есебiнен құрылған мектеп-интернатты қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

    3. Гуманитарлық колледждiң директоры /Әбiлғазиев Ш.Т./ дарынды балалар үшiн мектеп-интернатқа оқуға шеттен келген балаларды тұрғын-жаймен, тамақпен және оқу-тәрбие үрдiсiн қамтамасыз етсiн.

    4. Бiлiм департаментi, мәдениет департаментi /Ваховский Ф.И., Лапухин В.П./ дарынды балалар үшiн мамандандырылған мектеп-интернаттың сапалы жұмыс iстеуiне бақылауды қамтамасыз етсiн.

    Облыс әкiмi

    В.ГАРТМАН

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.