Солтүстік Қазақстан әкімі жанындағы тәртіп кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасының Жогары тәртіп Кеңесі туралы» № 3705 Жарлығына сәйкес және мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершіліктерін арттыру, олардың өкімет билігі мен қызметтік жағдайларын асыра пайдалануға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережесін сақтауларын қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Облыстың тәртіп кеңесі-облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңес органы құрылсын.
2. Жоғары кеңестің негізгі міндеттері төмендегіше айқындалсын
1) мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерінің өкімет билігі мен қызмет жагдайларын асыра пайдалану фактілері туралы азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарап-тексеру;
2) тәртіп бұзған, өкімет билігі мен қызмет жағдайын асыра пайдаланған, қызметтік этика ережесін бұзған мемлекеттік басқару органдарының басшы лауазымда тұлғаларын тәртіптік жауапқа тарту жөнінде облыс әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет және қызметтік этика ережесі туралы қолданылып журген заң талаптарын қамтамасыз етулері жөнінде облыс әкімі үшін ұсыныстар әзірлеу.
3. Кеңес құрамын облыс әкімі бекітеді деп бекітілсін.
4. Тәртіп Кеңесінің төрағасы 5 күндік мерзімде жоғарыда аталған Кеңестің дербес құрамы жөніндегі ұсынысын қарауға енгізсін.
5. Тәртіп Кеңесінің қызметін материалдық-техникалық және басқа жақтарынан, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету облыс әкімінің аппаратына жүктелсін.
6. Тәртіп Кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін штаттық қызметкерлер облыс әкімі аппаратының бекітілген штаттық кестені есебінен, үш адамнан - Кеңес төрагасы, бір инспектор және бір техникалық қызметкерден құрылсын.
7. Тәртіп кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен типтік Ережені басшылыққа алсын.
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Б. Ржавскийге жүктелсін.
Облыс әкімі
В.ГАРТМАН
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.