Панфилов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 желтоқсан 2023 ж.

    Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

    2. «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Сейсенбековке осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Курбановқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б. Абдулдаев

    Панфилов ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «23» мамырдағы

    № 219 қаулысына қосымша

    Панфилов ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    Ста­ци­о­нар­лық емес са­уда объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру орын­да­ры
    Қыз­мет са­ла­сы
    Ала­тын ала­ңы, шар­шы метр
    Са­уда қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ке­зе­ңі (жыл)
    Жа­қын ор­на­лас­қан ин­фра­құ­ры­лым (ұқсас та­у­а­лар ас­сор­ти­мен­ті са­ты­ла­тын са­уда объ­ек­ті­ле­рі, сон­дай-ақ қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі)
    1
    Пе­н­жім ауыл­дық окру­гі, Пе­н­жім ауы­лы, Ш. Уә­ли­ха­нов және Ес­кен­ді­ров кө­ше­ле­рі­нің қиы­лы­сы, «Гө­зал» дү­ке­ніне қа­ра­ма-қар­сы.
    Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
    50
    5 жыл
    «Гө­зал» дү­ке­ні
    2
    Көк­тал ауыл­дық окру­гі, Ақ­жа­зық ауы­лы, Са­ры­ө­зек-Көк­тал-Жар­кент-Қор­ғас ав­то­жо­лы­ның бой­ын­да, Ақ­жа­зық ауы­лы­ның кі­ре­бе­рі­сі.
    Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
    30
    5 жыл
    Жоқ
    3
    Үша­рал ауыл­дық окру­гі, Са­ры­ө­зек-Көк­тал-Жар­кент ав­то­жо­лы­ның бой­ын­да, Үша­рал ауы­лы­на бұ­ры­лу­ға қа­ра­ма-қар­сы.
    Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
    30
    5 жыл
    Жоқ
    4
    Үл­кен­шы­ған ауыл­дық окру­гі, Жар­кент-Қор­ғас ав­то­жо­лы­ның екі жа­ғы, Қы­рық­құ­дық және Үл­кен­шы­ған ауыл­да­ры­ның ара­сын­да, Үл­кен­шы­ған ауы­лы­на кі­ре­бе­рі­стің шы­ғыс бө­лі­гі.
    Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
    200
    5 жыл
    Жоқ
    5
    Жар­кент қа­ла­сы, Жі­бек жо­лы даң­ғы­лы­ның бой­ын­да, Жар­кент қа­ла­сы­на шы­ғыс жа­ғы­нан кі­ре­бе­рі­стің жол­дың сол жа­ғы.
    Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
    50
    5 жыл
    «Бар­көр­неу» са­уда үйі
    6
    Пе­н­жім ауыл­дық окру­гі,
    Жар­кент-Қор­ғас ав­то­жо­лы­ның сол жа­ғы, Пе­н­жім ауы­лы­на шы­ғыс жа­ғы­нан кі­ре­бе­рі­сте (жү­ге­рі­ні сақ­та­у­ға және кеп­ті­ру­ге ар­нал­ған орын­ның ал­дын­да)
    Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
    60
    5 жыл
    «На­урыз» дү­ке­ні

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.