Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2016 ж.
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Ж. Әлішеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ
А. МҰХИМОВ
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы
«29» ақпандағы № 41-қ
қаулысына қосымша
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
|
№
|
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
|
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
|
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы
ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
|
||
|
Балабақшалар
|
Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар
|
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері
(Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері
(Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)
|
|||
|
1
|
Арал ауданы
|
1908
|
26295
|
19929
|
12726
|
21210
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.