Қызылқайың ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2016 ж.

    Қызылқайың ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қызылқайың ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қызылқайың ауылындағы Старый поселок көшесінің атауы – Ахметбек Байсалбайұлы көшесі болып, Қызылқайың ауылындағы Юбилейная көшесінің атауы – Жеңіс көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылқайың ауылдық округінің әкімі

    Р. Жукенова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.