«Тұран ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 39/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Тұран ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №39/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Тұран ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №39/24 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Тұран ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

    1) кірістер – 114 697 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер – 12 500 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер - 50 мың теңге;

    трансферттердің түсімдері – 102 147 мың теңге;

    2) шығындар – 118 997 мың теңге;

    3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

    бюджеттік кредиттер - 0;

    бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

    4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

    қаржы активтерін сатып алу - 0;

    мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 4300 мың теңге;

    6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4300 мың теңге;

    қарыздар түсімі - 0;

    қарыздарды өтеу - 0;

    бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 4300 мың теңге.»;

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    М. Турабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.