«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі бекітілсін.»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке күзет ұйымдары пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2015 жылғы 17 маусымдағы

    № 454 қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2002 жылғы 5 сәуірдегі

    № 407 қаулысымен

    бекітілген

    Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі

    1. Резеңке таяқшалар.

    2. Инкассация мен құндылықтарды тасымалдауға арналған броньды машиналар.

    3. 1 – 5-қорғау сыныптарындағы қорғау кеудешелерi.

    4. 1 – 3-қорғау сыныптарындағы қорғау шлемдерi.

    5. Қол кісендері.

    6. Қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтайтын детекторлар.

    7. Радиоактивтi, химиялық және өзге де улағыш заттарды анықтайтын детекторлар.

    8. Күзет, дабыл сигнализациясы жүйелерi.

    9. Өтудi бақылау жүйесi.

    10. Қосарлы қолданылатын техникаға жатпайтын телевизиялық бейнебақылау және бейнекүзет жүйелерi.

    11. Хабар беру, оның ішінде радиоарналар арқылы хабар беру жүйелері.

    Ескертпелер:

    1. Резеңке таяқшаларды қолдану кезiнде олармен құқық бұзушылардың басына, мойнына және бұғана тұсына, iшi мен жыныс органдарына соққы беруге тыйым салынады.

    2. Тізбе жеке күзет ұйымдарына ғана қолданылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.