Кейбір бұйырықтарға өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Кейбір бұйырықтарға өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

    Е. Кошербаев

    2026 жылғы 16 маусымдағы

    № 11-1-4/328

    бұйрығымен бекітілген

    Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8438 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:

    көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

    2. «Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 08-1-1-1/201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықта:

    12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған жылдық есепте Құрметті консулдың консулдық округте уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты қызметі жайлы, Қазақстанның қатысуымен құрылған ұйымдар мен фирмалар, консулдық округке келіп кеткен Қазақстан Республикасының әуе және теңіз кемелерінің экипаждары туралы, жүзеге асырылған консулдық іс-қимылдар туралы ақпарат, болу мемлекетінің консулдық қызметке қатысты жаңа заңдары туралы мәліметтер, имидждік жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ консулдық округтың сауда, экономика және мәдени өміріндегі негізгі оқиғалары туралы баяндалады.».

    3. «Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10430 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанында:

    реттік нөмірі 12-жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

    4. «Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (бұдан әрі – балалар) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрi – Министрлік) есепке қою олар Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары кеткенге дейiн Министрлікте жүзеге асырылады.»;

    2-тармақта:

    3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) шетел азаматтарының асырауына берілген балаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;»;

    8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) шетел азаматтарының баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы сотпен куәландырылған сот шешімі (салыстырып-тексеру үшін).»;

    екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1 қосымшасында қамтылған.»;

    4-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке қоюды жүзеге асырады не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.»;

    көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша»;

    көрсетілген қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша»;

    көрсетілген қағидаларға 2-1 қосымшада:

    оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 2-1-қосымша»;

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі»;

    реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Ше­тел аза­мат­та­ры­на асы­рап алу­ға бе­рі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын ба­ла­лар­ды есеп­ке алу (пас­порт­қа қо­сым­ша бет) неме­се дәлел­ді бас тар­ту.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де.
    »;
    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    1) ба­ла­лар­ды есеп­ке қою ту­ра­лы өтiнi­ш­тің тол­ты­ры­л­ған екі да­на­сы;
    2) ба­ла­лар­ды есеп­ке қою же­ке кар­точ­ка­сы­ның тол­ты­ры­л­ған екі да­на­сы;
    3) ше­тел аза­мат­та­ры­ның асы­ра­уы­на бе­рі­л­ген ба­ла­ға - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты­на (бұ­дан әрі – ба­ла) бе­рі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты пас­пор­ты­ның түп­нұс­қа­сы;
    4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры бер­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге ба­ла­ның тұ­рақ­ты тұ­ру үшін шы­ғу­ға ар­нал­ған құ­жат­тар­ды ре­сім­деу ту­ра­лы ше­шім (са­лы­сты­рып-тек­се­ру үшін);
    5) ба­ла­ны асы­рап алушы­лар­дың же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ры (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру және са­лы­сты­рып-тек­се­ру үшін);
    6) ба­ла­ның 3,5 х 4,5 сан­ти­метр кө­ле­мін­де­гі түр­лі-тү­сті екі фо­то­су­ретi;
    7) ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­әлi­гi (са­лы­сты­рып-тек­се­ру үшін);
    8) ше­тел аза­мат­та­ры­ның ба­ла­ны асы­рап алуы ту­ра­лы өті­ні­шін қа­на­ғат­тан­ды­ру ту­ра­лы сот­тың ку­әлан­дыр­ған сот ше­ші­мі (са­лы­сты­рып-тек­се­ру үшін).
    »;
    көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 3–қосымша»;

    көрсетілген қағидаларға 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 4–қосымша»;

    көрсетілген қағидаларға 5-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қағидаларға 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 6–қосымша»;

    көрсетілген қағидаларға 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 7–қосымша».

    5. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 3 және 4-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіндер өзгермейді.

    6. «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13039 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларында:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болса, өтінішхатты заңды тұлғаның басшысының, басшысы орынбасарының немесе оның құрылымдық бөлімше басшысының лауазымында жұмыс атқаратын шетел азаматына беріледі.

    Егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға болса, өтінішхат оның атына беріледі.».

    7. «Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12780 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларында:

    көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

    8. «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2-192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13781 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларында:

    16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) шетелдік паспорттың (шетел азаматы үшін), азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (азаматтығы жоқ адам үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) көшірмесін;»;

    29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) шетелдік паспорттың (шетел азаматы үшін), азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (азаматтығы жоқ адам үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) көшірмесі қоса беріледі.».

    9. «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13958 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.»;

    Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидаларында:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидалары»;

    1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі) 89-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын есепке алу тәртібін анықтайды.

    2. «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсетілетін мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген шетел азаматтарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.»;

    3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты.

    1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі - Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған елдердің азаматтары болып табылатын шетел азаматтары үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдарының қолдаухатын ұсыну қажет;

    2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын толтырылған есепке алу карточкасы;»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Есепке алу карточкалары әліпби тәртібімен «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдар, шетел азаматтары» бөлімі бойынша есепке алу үшін қабылданған картотекада сақталады.»;

    10-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

    көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жетім балаларды, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидаларына 1-қосымша»;

    көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада:

    оң жоқ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жетім балаларды, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидаларына 2-қосымша»;

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу карточкасы»;

    көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жетім балаларды, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидаларына 3-қосымша»;

    көрсетілген қағидаларға 4-қосымшада:

    оң жоқ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жетім балаларды, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидаларына 4-қосымша»;

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі»;

    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    1) «Же­тім ба­ла­лар­ды, ата-ана­ла­ры­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар­ды асы­рап алу­ға ті­лек біл­дір­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұ­ра­тын адам­дар­ды, ше­тел аза­мат­та­рын есеп­ке алу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2016 жы­л­ғы 14 мау­сым­да­ғы № 11-1-2/262 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 13958 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша «Неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) және от­ба­сы ту­ра­лы» Ко­дек­сіне сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің Ба­ла­лар­дың құқық­та­рын қор­ғау ко­ми­те­ті ак­кре­дит­те­ген ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тіктің қол­да­ухаты.
    1993 жы­л­ғы 22 қаң­тар­да Минск қа­ла­сын­да қол қой­ы­л­ған Аза­мат­тық, от­ба­сы­лық және қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша құқық­тық кө­мек пен құқық­тық қа­ты­на­стар ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ны (бұ­дан әрі - Ко­вен­ция) ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған мем­ле­кет­тер­де тұ­рақ­ты тұ­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын адам­дар және Кон­вен­ци­я­ны ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ше­тел аза­мат­та­ры үшін осы мем­ле­кет­те­гі қор­ған­шы­лық және қам­қор­шы­лық функ­ци­я­ла­рын ат­қа­ра­тын ор­ган­да­ры­ның қол­да­ухатын ұсы­ну қа­жет;
    2) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша фо­то­су­ре­ті бар тол­ты­ры­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын же­тім ба­ла­лар­ды, ата-ана­ла­ры­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар­ды асы­рап алу­ға ті­лек біл­дір­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұ­ра­тын адам­дар­ды, ше­тел аза­мат­та­рын тол­ты­ры­л­ған есеп­ке алу кар­точ­ка­сы;
    3) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­тын же­тім ба­ла­ны, ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­ны асы­рап ал­ған жағ­дай­да он се­гіз жас­қа толған­ға дей­ін оның тұр­мыс, оқу, тәр­бие жағ­дайы және ден­са­улық жағ­дайы ту­ра­лы есеп­тер­ді асы­рап алу агент­тікте­рі неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің Ба­ла­лар­дың құқық­та­рын қор­ғау ко­ми­те­тіне ұсы­ну бой­ын­ша өзіне мін­дет­те­ме жүк­теу ту­ра­лы но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған, сон­дай-ақ заң­да­сты­ры­л­ған неме­се апо­стиль­ден­ген өті­ніш-ке­лі­сім.
    »;
    көрсетілген қағидаларға 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жетім балаларды, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидаларына 5-қосымша».

    10. «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 14093 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидалар «Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11240 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылатын шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалардың есебін жүргізуде қолданылмайды.».

    11. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 15884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларында:

    көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    12. «Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларында:

    көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада белгіленген «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға (бұ­дан әрі - өті­ніш бе­ру­ші) құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру үшін Кон­сул­дық қыз­мет де­пар­та­мен­тіне неме­се шет ел­де­гі ме­ке­ме­ге ер­кін ны­сан­да жа­сал­ған өті­ніш­ке қо­са ке­ле­сі құ­жат­тар­ды (мә­лі­мет­тер­ді) бе­ре­ді:
    1. Же­ке тұл­ға үшін:
    1) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­сы) неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    2) заң­да­сты­ру­ға жа­та­тын құ­жат;
    3) кон­сул­дық алым тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат;
    4) өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­сы) (құ­жат­тар­ды заң­ды өкіл неме­се құ­жат ие­сі­нің аты­нан се­нім­хат бой­ын­ша уәкі­лет­ті адам бер­ген кез­де).
    2. Заң­ды тұл­ға үшін:
    1) өкі­лет­ті тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­сы) неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    2) заң­да­сты­ру­ға жа­та­тын құ­жат;
    3) кон­сул­дық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың түп­нұс­қа­сы;
    4) заң­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік тір­кел­ге­нін (қай­та тір­кел­ге­нін) рас­тай­тын «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нен мә­лі­мет­тер не заң­ды тұл­ға­ның құқық қа­бі­лет­ті­лі­гін рас­тай­тын өзге де құ­жат (ше­тел аза­мат­та­ры үшін);
    5) өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­сы) (құ­жат­тар­ды заң­ды өкіл неме­се құ­жат ие­сі­нің аты­нан се­нім­хат бой­ын­ша уәкі­лет­ті адам бер­ген кез­де).
    Сон­дай-ақ, ер­кін ны­сан­да жа­сал­ған өті­ніш­те көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректе­ріне қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі де бе­рі­ле­ді.
    Заң­да­сты­ру­ға құ­жат­тар­дың тұп­нұс­қа­ла­ры, сон­дай-ақ олар­дың но­та­ри­ал­дық ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­ле­рі қа­был­да­на­ды.
    Ше­тел­дік ұй­ым­дар мен ме­ке­ме­лер бер­ген құ­жат­тар мем­ле­кет­тік неме­се орыс ті­ліне ауда­ры­луы және аудар­ма­шы­мен неме­се аудар­ма қыз­мет­те­рін көр­се­те­тін ұй­ым­мен ку­әлан­ды­ры­луы ти­іс.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның но­та­ри­уста­ры ку­әлан­дыр­ған және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тыс­қа­ры жер­лер­де әре­кет жа­са­у­ға ар­нал­ған құ­жат­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стрі­нің 2012 жы­л­ғы 31 қаң­тар­да­ғы № 32 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 7445 тір­кел­ді) бе­кі­ті­л­ген Но­та­ри­ат­тық іс жүр­гі­зу жө­нін­де­гі ере­же­нің 10-та­ра­уын­да бе­кі­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кес бо­луы ти­іс.
    ».
    13. «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 16650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
    «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы»;
    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «1. Қоса берілген Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары бекітілсін.»;
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларында:
    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
    «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары»;
    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «1. Осы Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 167) тармақшасына сәйкес әзірленді, және шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу тәртібін айқындайды.»;
    2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «10) шетел азаматы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын әрі өзінің басқа мемлекеттің азаматы екендігі туралы дәлелі бар адам.»;
    3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «2) шет елдегі мекемеге Қазақстан Республикасының электрондық форматта және шет елдегі мекемеге барусыз берілетін визаларынан басқа визаларды алу үшін өтініш білдірген он алты жасқа толған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан.»;
    4-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
    «Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шақыруы бойынша келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;»;
    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «6. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығымен бекітілген Дактилоскопиялау және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының 23, 32 және 37-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары).»;
    7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарын «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) мынадай дербес деректерді енгізеді:
    тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
    туған күні;
    жынысы;
    қолдарындағы он саусағының папиллярлық өрнектерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат;
    азаматтығы;
    шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге жүгіну кезіндегі жасына сәйкес келетін, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75 пайызын алатын ашық фонда, байсалды жүзбен, аузы жабық, дәлме-дәл анфас түсірілген фотосуреті;
    жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі;
    жеке басты куәландыратын құжатты берген органның атауы;
    дактилоскопиялық тіркеудің жүргізілген күні және негізі;
    дактилоскопиялық тіркеуді жүргізген уәкілетті қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).»;
    10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты – «Бүркіт» БАЖ-ға.»;
    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «11. Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен болса және «ХҚТ ТП» АЖ-да және «Бүркіт» БАЖ-да белгі болған жағдайда, уәкілетті қызметкер Тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен жеке басты верификациялауды жүзеге асырады.».
    14. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 11-1-4/149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 20627 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
    2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетел азаматының отбасы мүшелері болып табылатындарға;»;
    3-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
    «Шетел азаматы ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);»;
    көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада белгіленген «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    1) өті­ніш;
    2) туу ту­ра­лы ку­ә­лік (16 жас­қа тол­ма­ған ба­ла пас­порт ал­ған кез­де) және ба­ла­ның аза­мат­тығ­ын рас­тау үшін ата-ана­сы­ның бі­ре­уі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат. Ше­тел аза­ма­ты­ның ата-ана­сы­нан ба­ла­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды алу­ға но­та­ри­ал­ды рас­тал­ған өті­ніш-ке­лі­сі­мі (ба­ла Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де ту­ған және ата-ана­сы­ның аза­мат­тығы әр­түр­лі болған жағ­дай­да, олар­дың бі­ре­уі ба­ла ту­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын­да болған және осы уа­қыт­та ата-ана­сы­ның еке­уі де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­рі болған жағ­дай­да);
    3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның пас­пор­ты (пас­порт­ты ауы­стыр­ған кез­де);
    4) өл­ше­мі 3,5х4,5 сан­ти­метр төрт­түр­лі-тү­сті фо­то­су­рет (фо­то­су­рет­тер құ­жат­ты ре­сім­деу ке­зін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жа­сы­на сәй­кес ке­луі және қа­таң түр­де жа­рық жер­де ал­ды­нан тү­сі­рі­л­ген, бей­та­рап бет-әл­пе­ті кө­рі­ні­сі­мен және ауы­зы жа­бық түс­кен, бет-әл­пе­ті фо­то­су­рет­тің жал­пы ауда­ны­ның 75% - ға жуы­ғын ала­тын бо­луы ти­іс. Фо­то­су­рет­тер бір нега­тив­тен қа­лың фо­то­қа­ғаз­ға фо­то ба­сып шы­ға­ру әді­сі­мен орын­да­ла­ды. Ком­пью­тер­лік ска­нер­леу, мо­дель­деу неме­се ксе­ро­кө­шір­ме әді­сі­мен дай­ын­дал­ған су­рет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға жол бе­ріл­мей­ді);
    5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты ал­ғаш рет пас­порт ал­ған кез­де (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығы рас­тал­ған кез­де бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы) 1974 жы­л­ғы үл­гі­де­гі пас­порт;
    6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты ал­ғаш рет пас­порт ал­ған кез­де (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығы рас­тал­ған кез­де бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы) ше­тел­ге ба­ру үшін бе­рі­л­ген пас­порт;
    7) тұ­рақ­ты тұ­ру, оқу, ше­тел­де жұ­мыс іс­теу фак­ті­сін, от­ба­сы жағ­дай­ын рас­тай­тын, ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін тұ­рақ­ты ағ­за функ­ци­я­ла­ры­ның ауыт­қу­ла­ры­мен ден­са­улы­ғын­да бұ­зу­шы­лық бар де­ген құ­жат (түп­нұс­қа және кө­шір­ме);
    8) егер мұн­дай анық­та­ма­ны алу мүм­кін­ді­гі бо­ла­тын ел­дің заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген бол­са, кон­сул­дық ор­на­лас­қан ел­дің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­нан аза­мат­тығы жоқ екен­ді­гі ту­ра­лы анық­та­ма;
    9) кон­сул­дық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат.
    »;
    15. «Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 20857 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларында:
    көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада белгіленген «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    1. Неке жа­сы­на жет­кен адам­дар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де:
    1) Ше­тел­де аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­кеу са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, сон­дай-ақ аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін тір­кеу ту­ра­лы қай­та­ла­ма ку­ә­лік­тер мен анық­та­ма­лар бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да) 10-қо­сым­ша­ға сәй­кес неке­ге тұ­ру (ер­лі-зай­ып­ты бо­лу) ту­ра­лы өті­ніш;
    2) неке­ге оты­ра­тын (ер­лі-зай­ып­ты бо­ла­тын) адам­дар­дың же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (са­лы­сты­ру үшін);
    3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты мен ше­тел аза­ма­ты­ның неке­сін тір­кеу ке­зін­де, же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды ұсы­ну­мен қа­тар, құ­жат мәті­ні­нің қа­зақ неме­се орыс тіл­де­рін­де­гі но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы ұсы­ны­ла­ды;
    4) неке­ге тұ­ру­шы­лар­дың (ер­лі-зай­ып­ты бо­лу­шы­лар­дың) неке­ге құқық­тық қа­бі­лет­ті­лі­гі ту­ра­лы анық­та­ма­лар (АХАЖ АЖ да өті­ніш бе­ру­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер болған кез­де та­лап етіл­мей­ді);
    5) бұ­рын­ғы неке­нің тоқ­та­ты­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат (бар бол­са): неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) бұ­зу ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се заң­ды кү­шіне ен­ге­ні ту­ра­лы бел­гі­сі бар неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) бұ­зу ту­ра­лы сот ше­ші­мі, жұ­бай­ы­ның қай­тыс бо­луы ту­ра­лы ку­ә­лік не неке­ні жа­рам­сыз деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мі, ер­лі-зай­ып­ты­лар­дың бі­рін қай­тыс бол­ды деп жа­ри­я­лау неме­се ха­бар-ошар­сыз кет­ті деп та­ну (са­лы­сты­ру үшін);
    6) кон­сул­дық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың түп­нұс­қа­сы;
    7) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) тір­кеу мер­зі­мін қы­сқар­ту неме­се ұзар­ту қа­жет болған кез­де мер­зім­ді қы­сқар­ту неме­се ұзар­ту негіз­де­рін рас­тай­тын құ­жат: жүк­ті­лік ту­ра­лы дә­рі­гер­лік-бі­лік­ті­лік ко­мис­си­я­ның анық­та­ма­сы, ден­са­улық жағ­дайы ту­ра­лы анық­та­ма, ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі­нің кө­шір­ме­сі, бас­қа да ерекше жағ­дай­лар­ды рас­тай­тын қо­сым­ша құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды.
    2. Егер неке­ге (ер­лі-зай­ып­ты­лық­қа) жа­сы тол­ма­ған адам­дар тұр­са, қо­сым­ша:
    1) неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) жа­сын тө­мен­де­ту ту­ра­лы өті­ніш­ті Қа­ғи­да­лар­дың 11-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ата-ана­лар не қор­ған­шы­лар (қам­қор­шы­лар) неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) жа­сын тө­мен­де­ту қа­жет­ті­лі­гін туын­да­та­тын се­беп­тер­ді көр­се­те оты­рып және осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сін­де көр­се­ті­л­ген қа­жет­ті құ­жат­тар­мен қо­са бе­ре­ді;
    2) неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) жа­сын тө­мен­де­ту се­беп­те­рін рас­тай­тын құ­жат­тар (жүк­ті­лік ту­ра­лы дә­рі­гер­лік-бі­лік­ті­лік ко­мис­си­я­сы­ның анық­та­ма­сы, ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі­нің кө­шір­ме­сі, кәме­лет­ке тол­ма­ған ата-ана­сы­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі­нің кө­шір­ме­сі, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­сы­ның неке қию/неке­ні бұ­зу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі­нің кө­шір­ме­сі, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­сы­ның және кәме­лет­ке тол­ма­ған аза­мат­тар­дың өзде­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар);
    3) неке­ге оты­ра­тын (ер­лі-зай­ып­ты бо­ла­тын) адам­дар­дың заң­ды өкіл­де­рі­нің ке­лі­сі­мі);
    4) кәме­лет­ке тол­ма­ған ата-ана­сы­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­сы­ның неке қию/ неке­ні бұ­зу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­сы­ның және кәме­лет­ке тол­ма­ған аза­мат­тар­дың өзде­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ры) (са­лы­сты­ру үшін).
    3. Пор­тал­ға (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры ара­сын­да­ғы неке­ні ал­ғаш­қы тір­кеу ке­зін­де):
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған неке­ге оты­ру (ер­лі-зай­ып­ты бо­луы) ту­ра­лы элек­трон­дық өті­ніш;
    2) кон­сул­дық алым тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Шет мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ме­ке­ме­сі не оған ар­найы уәкі­лет­ті тұл­ға өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де және бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша бер­ген неме­се ку­әлан­дыр­ған шет мем­ле­кет­тің ел­таң­ба­лы мө­рі­мен бе­кі­ті­л­ген құ­жат­тар ар­найы ку­ә­лік (заң­да­сты­ру неме­се апо­стиль­деу) рә­сі­мі­нен өт­кен­нен кей­ін ға­на қа­был­да­на­ды (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Ке­ңе­сі­нің 1993 жы­л­ғы 31 на­уры­зда­ғы қа­улы­сы­мен ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған, 1993 жы­л­ғы 22 қаң­тар­да Минск қа­ла­сын­да жа­сал­ған Аза­мат­тық, от­ба­сы­лық және қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша құқық­тық кө­мек пен құқық­тық қа­ты­на­стар ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ға және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­мен ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған, 2002 жы­л­ғы 7 қа­зан­да Ки­ши­нев қа­ла­сын­да жа­сал­ған Аза­мат­тық, от­ба­сы­лық және қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша құқық­тық кө­мек пен құқық­тық қа­ты­на­стар ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ға қа­ты­су­шы ел­дер үшін та­лап етіл­мей­ді).
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс ти­іс­ті шет мем­ле­кет­тің ті­лін­де бе­рі­л­ген құ­жат­тар мем­ле­кет­тік неме­се орыс ті­ліне ауда­ры­лу­ға жа­та­ды.
    ».
    16. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы» нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 11-1-4/355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 24154 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде бухгалтерлік есеп бойынша жалпы ережелерді қолдану тәртібі белгіленген нұсқаулықта:
    көрсетілген нұсқаулықта 4-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
    көрсетілген нұсқаулыққа 6-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    17. «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 26282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларында:
    2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «2) жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы (бұдан әрі – заңдық ауыртпалық) – Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен туындаған және құқық иеленушінің жылжымайтын мүлікті иеленуге, пайдалануға және (немесе) оған билік етуге құқығын шектеуді білдіретін жылжымайтын мүлікке құқықтың кез келген шектеулері;»;
    көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
    18. Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32095 болып тіркелген):
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларында:
    көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада белгіленген Инвестициялар туралы келісім жасасуға өтініште:
    реттік нөмірі 11 және 12-жолдардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
    көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада белгіленген Бизнес-жоспарды жасау нысанында:
    көрсетілген нысанға 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
    көрсетілген нысанға 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
    көрсетілген нысанға 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
    көрсетілген қағидаларға 4-қосымшада белгіленген Инвестициялар туралы келісімнің үлгілік нысанында:
    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «3. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестор _____ теңге көлемінде инвестициялайды.»;
    көрсетілген үлгілік нысанға қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
    көрсетілген қағидаларға 5-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
    көрсетілген қағидаларға 6-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
    19. Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32910 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібінде:
    3-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «14) инвестицияларға тапсырыс – облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың инвестицияларға қажеттілігі, оны белгілі бір өңірге қатысты және осы өңір үшін заңда белгіленген экономикалық жоспарлар мен міндеттер, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтары және басқа да факторлар негізделген жергілікті атқарушы орган немесе белгілі бір салаға қатысты орталық мемлекеттік орган тиісті түрде ресімдеуі;»;
    9-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «7) инвестордың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының заңдарында (салық салу, технологиялар трансферттері, визалық қолдау), Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарынан тыс қаралуы мүмкін заң жобаларына түзетулерге бастамашылық жасайды;».
    20. Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 34089 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрыққа қосымшада белгіленген Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері осы тізбеге 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    2026 жылғы 16 маусымдағы

    № 11-1-4/328

    бұйрығымен бекітілген

    өзгерістер енгізілетін

    кейбір бұйрықтардың

    тізбесіне

    2-қосымша

    Шетел азаматтары асырап

    алған Қазақстан Республикасының

    азаматтары болып табылатын

    балаларды Қазақстан Республикасының

    Сыртқы істер министрлігінде

    есепке қою және Қазақстан

    Республикасының шетелдегі

    мекемелерінің бақылауды

    жүзеге асыру қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    Балаларды есепке алу журналы

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне

    Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/documents/details/adilet/V1500011240?lang=ru

    Индекс: 1-БА

    Кезеңділігі: ай сайын

    Есепті кезеңі: 20___ жылғы _______ ай

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті

    Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін

    Кон­сул­дық есеп­ке алу №
    Ба­ла­ның асы­рап алын­ған­ға дей­ін­гі те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)
    Ба­ла­ның ту­ған кү­ні, же­рі
    Ата-ана­сы­ның асы­рап алын­ған­ға дей­ін­гі те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де), аза­мат­тығы
    Асы­рап алу жү­зе­ге асы­ры­л­ған ме­ке­ме­нің ата­уы, ме­кен-жайы
    Ба­ла­ның асы­рап алын­ған­нан кей­ін­гі те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)
    Асы­рап алушы­лар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де), аза­мат­тығы
    Асы­рап алушы­лар­дың тұр­ғы­лық­ты ме­кен-жайы
    Асы­рап алу ту­ра­лы ше­шім шы­ғар­ған сот­тың ата­уы
    Ба­ла­ның пас­пор­тын жа­са­ған іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның ата­уы, пас­порт­тың нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Орындаушы: ___________________________________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
    Қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлға:
    _______________________________________________ қолы _________
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
    «Балаларды есепке алу журналы» нысанын толтыру бойынша түсініктеме (Индексі: 1-БА, кезеңділігі: ай сайын)
    1. 1-бағанда шетел азаматтарына асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы консулдық есепке алу нөмірі көрсетіледі.
    2. 2-бағанда шетел азаматтарына асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың асырап алынғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
    3. 3-бағанда шетел азаматтарына асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың туған күні, жері көрсетіледі.
    4. 4-бағанда шетел азаматтары асырап алғанға дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы көрсетіледі.
    5. 5-бағанда шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу жүзеге асырылған мекеменің атауы, мекенжайы көрсетіледі.
    6. 6-бағанда шетел азаматтары асырап алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
    7. 7-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының шетелдік асырап алушыларының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы көрсетіледі.
    8. 8-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының шетелдік асырап алушыларының тұрғылықты мекен-жайы көрсетіледі.
    9. 9-бағанда шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы көрсетіледі.
    10. 10-бағанда шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаға паспорт жасаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    2026 жылғы 16 маусымдағы

    № 11-1-4/328

    бұйрығымен бекітілген

    өзгерістер енгізілетін кейбір

    бұйрықтардың тізбесіне

    5-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    шет елдердегі мекемелерінің

    Қазақстан Республикасының

    азаматтығы мәселелері бойынша

    өтініштерді қабылдау және қарау,

    Қазақстан Республикасының

    азаматтығын жоғалтуын тіркеу және

    Қазақстан Республикасының

    азаматтығына жататынын

    (жатпайтынын) айқындау

    Қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Өтініш-келісім

    Мен, __________________________________________________________, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға / Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге өтініш білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, Егемендігін және Тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндеттенемін.

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    2026 жылғы 16 маусымдағы

    № 11-1-4/328

    бұйрығымен бекітілген

    өзгерістер енгізілетін кейбір

    бұйрықтардың тізбесіне

    6-қосымша

    Шетелдік мекемелерде

    бухгалтерлік есеп бойынша

    жалпы ережелерді қолдану

    тәртібі туралы нұсқаулыққа

    4-қосымша

    «Бекітемін»

    ________________________

    (шет елдердегі мекеме

    басшысының лауазымы)

    Мөр орны

    ________________________

    ________________________

    (қолы) (тегі мен аты-жөні)

    20 ___ жылғы «____»

    ___________

    Шақырылған адамдардың тізімі

    Өкілдік іс-шараны өткізу күні: 20 __ жылғы «__» ______

    Мақсаты іс-шаралар: _____________________________________________

    ______________________________________________________________

    Шақырылған адамдардың саны: ____ адам, оның ішінде ____ шетел азаматы.

    Ша­қы­ры­л­ған адам­ның те­гі, аты
    Ша­қы­ры­л­ған адам ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ұй­ым­ның ата­уы/ла­у­а­зы­мы)
    1
    2

    _________________ ________________ ____________________ (лауазымы) (қолы) (тегі және аты-жөні)

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    2026 жылғы 16 маусымдағы

    № 11-1-4/328

    бұйрығымен бекітілген

    өзгерістер енгізілетін кейбір

    бұйрықтардың тізбесіне

    7-қосымша

    Шетелдік мекемелерде

    бухгалтерлік есеп бойынша

    жалпы ережелерді қолдану

    тәртібі туралы нұсқаулыққа

    6-қосымша

    «Бекітемін»

    ________________________

    (шет елдердегі мекеме

    басшысының лауазымы)

    Мөр орны

    __________________________

    ______________________

    (қолы) (тегі және аты-жөні)

    20 ___ жылғы «____»

    ___________

    Өкілдік шығыстарды есептен шығару актісі

    _____________ қаласы

    20 ____ жылғы «____» ________

    Құрамындағы өкілдік шығындарды есептен шығару жөніндегі комиссия:

    _____________ ___________________________,

    (лауазымы) (қызметкерлердің аты-жөні)

    _____________ ___________________________,

    (лауазымы) (қызметкерлердің аты-жөні)

    _____________ ___________________________,

    (лауазымы) (қызметкерлердің аты-жөні)

    төмендегі өкілдік іс-шараға шығыстарды есептен шығару туралы осы актіні жасады:

    1. Өкілдік іс-шараның түрі:

    _______________________________________________________________

    (қызметкерлердің лауазымы мен тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, сапарларды ұйымдастыру шеңберіндегі ресми қабылдау/іс-шара/дипломатиялық кездесу)

    2. Іс-шараны өткізу күн: 20 ___ жылғы «___» ______________.

    3. Мақсаты ісшаралар: __________________________________________.

    4. Шақырылған адамдардың саны: ______ адам, оның ішінде ____ шетел азаматы.

    5. Қатысушылардың нақты саны (іс-шара күніндегі ауызша есептеулер негізінде): ______ адам, оның ішінде ____ шетел азаматы.

    6. Іс-шараны өткізуге келесі шығындар жұмсалды:

    Өкіл­дік шы­ғын­дар­дың түр­ле­рі
    Со­ма­сы
    (ва­лю­та көр­се­ті­л­ген сан­дар­мен)
    жер­гі­лік­ті ва­лю­та­да
    қар­жы­лан­ды­ру ва­лю­та­мен
    Қар­жы­лан­ды­ру ва­лю­та­сын­да­ғы жиы­ны
    7. Бұдан басқа, шетелдік мекеменің қоймасынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бөлінісі бойынша келіп түскен кәдесыйлар, полиграфиялық және өзге де үлестіру өнімдері мемлекеттік мекеменің мұқтаждықтарына арналған материалдарды беру ведомостарына сәйкес берілді:
    _________ жылғы №_____ _______,
    (валютаны көрсете отырып, цифрмен сомасы)
    _________ жылғы _________ №_____
    (валютаны көрсете отырып, цифрмен сомасы)
    Шығыстар нысаналы мақсаты бойынша жүргізілген және шетелдегі мекеменің өкілдік шығындарына бухгалтерлік есеп бойынша есептен шығаруға жатады.
    Қосымшалар: ___ парақ.

    ____________ __________ _____________________________ (лауазымы) (қолы) (қызметкерлердің аты-жөні)

    ____________ __________ _____________________________ (лауазымы) (қолы) (қызметкерлердің аты-жөні)

    ____________ __________ _____________________________ (лауазымы) (қолы) (қызметкерлердің аты-жөні)

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    2026 жылғы 16 маусымдағы

    № 11-1-4/328

    бұйрығымен бекітілген

    өзгерістер енгізілетін кейбір

    бұйрықтардың тізбесіне

    11-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    Міндетін атқарушы

    2024 жылғы 28 ақпандағы

    № 11-1-4/71 бұйырққа

    қосымша

    Қазақтан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері

    Кон­сул­дық iс-әре­кет­тер­дiң ата­уы
    Кон­сул­дақ алым­ның мөл­шер­ле­ме­ле­рі
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның және заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның, сон­дай-ақ ше­тел аза­мат­та­ры­ның және аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың, ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар­дың ви­за­лар бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­те­рін өң­деу және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­тел­де­гі ме­ке­ме­ле­ріне ви­за­лар бе­ру (ви­за­лық қол­дау) ту­ра­лы нұс­қа­у­лар­ды жол­дау
    бір мәр­те ке­лу - ке­ту
    ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 20%-ы
    екі неме­се одан да көп ке­лу - ке­ту
    ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 50%-ы
    2.
    Құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру (әр­бiр құ­жат үшін)
    ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 50 %-ы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.