Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 «Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Әкімдіктің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 «Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (2014 жылғы 21 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада «Наше время» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесіндегі:

    16 тармақтың 16-1) тармақшасы алынып тасталсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Е. Жаманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.