Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

    «Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

    4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

    Ә. Исекешев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрі

    ________________ Қ. Бишімбаев

    2016 жылғы «___» ___________

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар

    және даму министрінің

    2016 жылғы 31 мамырдағы

    № 451 бұйрығымен бекітілген

    Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары

    1 – тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

    2. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – тiзiлiм) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық қарап-тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап- тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу мақсатында құрылады.

    3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмдік нақтыланып отыратын техникалық қарап- тексеру операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.

    4. Тiзiлiмді енгізуді және оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көлiктiк бақылау органдары) ұсынған ақпараттың негiзiнде жүзеге асырады.

    2 – тарау. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмін жүргiзу тәртiбi

    5. Тiзiлiмге енгізу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заңы) 46-бабында көзделген тәртіпте жеке кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның көлiктiк бақылау органдарына техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламасын ұсынуын көздейді.

    6. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:

    техникалық қарап-тексеру операторының атауы;

    2) техникалық қарап тексеру операторының мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы;

    3) стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң орналасқан орны;

    4) стационарлық техникалық қарап-тексеру желiсiнiң жұмыс режимi;

    5) стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерiнiң түрі, саны;

    6) техникалық қарап-тексеру операторының қызмет ету өңiрi;

    7) тізілімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

    8) тізілімнен алып тастау.

    9) бастапқы тексеру нөмірі мен күнін көрсете отырып, бақылау-диагностикалық жабдық, сондай-ақ өлшеу құралдарын тексеруді жүргізген ұйымның орны мен атауын көрсете отырып, өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні көрсетілген мерзімді тексерулер бойынша мәліметтер;

    10) стационарлық техникалық қарап-тексеру желісінің орналасқан жерінің кадастрлық нөмірі, үй-жайды жалға алу кезінде жалдау шартының нөмірі мен жасалған күні, жалға алу мерзімі және жалға алынған үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.

    6-1. Техникалық қарап-тексеру операторының қызметін ашу кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген жері бойынша әкімшілік-аумақтық шекаралар шегінде өзінің тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

    7. Көлiктiк бақылау органдары техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 6-тармағы 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады не толық мәліметтер ұсынылмаған кезде хабарламаны қабылдамайды.

    8. Уәкілетті орган тізілімді өзiнiң www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.

    9. Жеке кәсіпкердің заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан орны, қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ олар туралы ақпарат техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламада көрсетілген хабарламаны толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, техникалық қарап-тексеру операторы өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Рұқсаттар туралы Заңда көзделген тәртіпте көрсетілген өзгерістер туралы хабарламаны жібереді.

    10. Көлiктiк бақылау органдары техникалық қарап-тексеру операторларынан оның заңды мекенжайының, орналасқан орнының, міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізуі бойынша қызметті жүзеге асыратын мекенжайының, тіркеу деректерінің өзгергені туралы, қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, сондай-ақ механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқарғаны, техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзген кезде көрiнеу анық емес ақпаратты бергені, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 248 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9658 болып тіркелген) Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бұзғаны үшін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттері үшін техникалық қарап тексеру операторына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсынады.

    Уәкілетті орган тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырылған тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.

    11. Техникалық қарап-тексеру операторы Рұқсаттар туралы Заңның 49- бабында көзделген негіздер бойынша тізілімнен алынып тасталады.

    Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу қағидаларына қағидаларына

    қосымша

    Нысаны

    Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімі

    №р/с
    Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры­ның ата­уы
    Ме­кен­жайы (ин­дек­сі, об­лы­сы, ауда­ны,
    қа­ла (кент, ауыл),
    кө­ше, үй), Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры­ның элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
    Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ста­ци­о­нар­лық же­лі­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі
    Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ста­ци­о­нар­лық же­лі­сі­нің жұ­мыс ре­жи­мі
    Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ста­ци­о­нар­лық же­лі­сі­нің ти­пі және са­ны
    Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ұт­қыр же­лі­сі­нің ти­пі және са­ны
    Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры қыз­мет өңі­рі
    Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар
    Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры ті­зі­лі­мі­нен алып та­стау
    Ба­стап­қы тек­се­ру­ден өт­кен нө­мі­рі мен кү­ні көр­се­ті­л­ген ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жабды­ғы, сон­дай-ақ өл­шеу құ­рал­да­рын тек­се­ру ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың нө­мі­рі мен кү­ні көр­се­ті­л­ген мер­зім­ді тек­се­ру­лер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер, өл­шеу құ­рал­да­рын тек­се­ру­ді жүр­гіз­ген ор­ны мен ұй­ым­ның ата­уы
    Ста­ци­о­нар­лық тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру же­лі­сі­нің жер­ге ка­дастр­лық нө­мі­рі, үй-жай­ды жал­ға ал­ған жағ­дай­да жал­ға алу шар­ты­ның нө­мі­рі мен жа­сал­ған кү­ні, жал­ға алу мер­зі­мі және жал­ға алын­ған үй-жай­дың же­ріне ка­дастр­лық нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.