2016 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі
А. Кәрімов
Зырян ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 27 мамыр
№ 170 қаулысына қосымша
2016 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
|
Айына бір тәрбиеленушіге төленетін жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдарына орналастырылған балалар саны (адам)
|
Айына бір тәрбиеленушіге төленетін орташа шығындардың құны, теңге
|
Айына төлентін ата-ананың
ақы төлеу мөлшері, теңге
|
|||
|
Балабақшалар, бөбекжайлар
|
Шағын орталықтар
|
Балабақшалар, бөбекжайлар
|
Шағын орталықтар
|
Балабақшалар, бөбекжайлар
|
Шағын
орталықтар
|
|
|
23 600
|
18 490
|
1 005
|
216
|
23 600
|
18 490
|
11 000
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.