Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 174 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 174 «Ақтөбе облысының аумағында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4375 болып тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2015 жылғы 26 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Ақтөбе облысының әкімі
Б. Сапарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.