«Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 76/07 «Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 76/07 «Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2533 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 17 ақпанында, «Индустриальная Караганда» 2014 жылғы 13 ақпандағы № 26-27 (21547-21548), «Орталық Қазақстан» 2014 жылғы 13 ақпандағы № 29-30 (21664) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Н. Әбдібеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.