Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы сәуірдегі № 213 « Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп саналсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы
Л. Ильчевская
Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы
И. Кунакбаев
Аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 2 наурыздағы
№ 406 шешіміне
қосымша
1. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 169 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3752 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында № 5 аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған) шешімі;
2. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 171 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3761 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында № 5 аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған) шешімі;
3. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2015 жылдың 6 мамырындағы № 290 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 171 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4333 тіркелген, 2015 жылдың 9 шілдесінде № 33 аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған) шешімі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.