«Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/84 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 маусым 2026 ж.

    «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/84 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қорғалжын ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орнасластыру үшін орындар белгілеу туралы» 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23335 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Алин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қорғалжын аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының төрағасы

    2026 жылғы «____»__________

    Қорғалжын ауданы

    әкімдігінің қаулысына

    қосымша №1

    « » жыл

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Елді мекеннің атауы
    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
    1
    Қорғалжын ауылы
    Кенжебек Күмісбеков көшесі 38, «Қорғалжын аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
    2
    Қорғалжын ауылы
    Хайретдин Болғанбаев көшесі 3, «Қорғалжын мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    3
    Қорғалжын ауылы
    Әліби Жангельдин көшесі 8, Қорғалжын ауданы білім бөлімінің «Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    4
    Қорғалжын ауылы
    Әліби Жангельдин көшесі 4, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты жанындағы стенд
    5
    Қорғалжын ауылы
    Мадин Рахымжан көшесі 20/2, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    6
    Өркендеу ауылы
    Абай көшесі 19, «Амангелді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    7
    Жұмай ауылы
    Жұмай батыр көшесі 22, «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жұмай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    8
    Арықты ауылы
    Тәуелсіздік көшесі 24, «Арықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    9
    Садырбай ауылы
    Абай Құнанбаев көшесі 15/3, «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Садырбай ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    10
    Сабынды ауылы
    Абай Құнанбаев көшесі 24, «Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    11
    Қараегін ауылы
    Шоқан Уәлиханов көшесі 11, «Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    12
    Жантеке ауылы
    Жакен Шаяхметов көшесі 1, «Қызылту орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    13
    Ұялы ауылы
    Абай Құнанбаев көшесі 1, «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    14
    Кеңбидайық ауылы
    Т.Бигельдинов көшесі 22, «Кеңбидайық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    15
    Майшұқыр ауылы
    Абай көшесі 15, «Майшұқыр негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    16
    Шалқар ауылы
    Абай Құнанбаев көшесі 34, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
    17
    Үшсарт ауылы
    Көбетей көшесі 28, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.