Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 маусым 2016 ж.

    Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27, 63 баптарына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

    1. Алға аудандық мәслихатының төмендегідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын :

    1) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 136 «Алға аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3826 тіркелген, 2014 жылғы 8 сәуірде аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған);

    2) Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 ақпандағы № 261 «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4790 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған).

    2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

    Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    А. Нұрғалиев

    Аудандық мәслихат хатшысы

    Б. Жұмабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.