Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 маусым 2016 ж.

    Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 және 46-баптарына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі «Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 238/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3945 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 тамызда «Аққу үні - Вести Акку» № 34 газетінде жарияланған);

    Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы «Лебяжі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 34/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4333 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызда «Аққу үні - Вести Акку» № 10 газетінде жарияланған).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Аудан әкімі

    С. Жанғазинов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.