Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 18/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 18/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4304 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 ақпанда «Регион.kz» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. «Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;
осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Б. Бақауов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.