"Ғарыш қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 наурыз 2016 ж.

    "Ғарыш қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ғарыш қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10918 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;

    2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;

    3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Ә. Исекешев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау және

    әлеуметтік даму министрі

    ____________ Т. Дүйсенова

    20__ жылғы 10 наурыз

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.