Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 35-3 «Қызылқоға ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 35-3 «Қызылқоға ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 5 наураздағы № 2394-25-00-4/1181 және 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 2394-26-00-4/78 шешіміне сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 35-3 «Қызылқоға ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы» шешімімен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына схемасындағы (картасы) «Секер-Самай» алқабы жер телімі бөлігінен алынып қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Т. Бейсқали

    Қызылқоға ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    Жоспарға 1 қосымша

    Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу Схемасы (картасы)

    Қызылқоға ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    Жоспарға 2 қосымша

    Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің жайылым айналымдарының қолайлы схемасы

     

    Қызылқоға ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    Жоспарға 3 қосымша

    Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

    Қызылқоға ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    Жоспарға 4 қосымша

    Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес су көздеріне (өзендерге, көлдерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру суармалау каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

    Қызылқоға ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    Жоспарға 5 қосымша

    Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

    Қызылқоға ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    Жоспарға 6 қосымша

    Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округі маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.