«Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы куәліктер нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 247 бұйрығының күшін жоюды тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы куәліктер нысандарын бекiту туралы» Жаңа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 247 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9531 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Министр
Б. Сұлтанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.