Ақкөл ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
«Сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған);
«Ақкөл ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 20 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5045 тіркелген, 2015 жылғы 20 қарашада аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Т. Едігенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.