Ақкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 маусым 2016 ж.

    Ақкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақкөл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» 2014 жылғы 12 қарашадағы № А-11/458 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4505 тіркелген, 2015 жылғы 2 қаңтарда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған);

    «Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № А-11/458 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы № А-10/354 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5103 тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсанда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған).

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Т. Едігенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.