«Есіл ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № а-3/114 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2016 ж.

    «Есіл ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № а-3/114 қаулысының күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Есіл ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № а-3/114 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 11 сәуірінде № 5287 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» аудандық газетінде 2016 жылғы 18 сәуірде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.

    2. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қолданыстағы заңңамаға сәйкес қамтамасыз етсін.

    3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б. Есжановқа жүктелсін.

    4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Қалжанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.