Байзақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы «Нысаналы топтарға қосымша адамдарды белгілеу туралы» № 529 қаулысының күші жойылды деп танылсын
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына және « Халықты жұмыспен қамту туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нысаналы топтарға қосымша адамдарды белгілеу туралы» Байзақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы №529 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 6-2-100 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
М. Шүкеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.