Заңды тұлға - салық төлеушiнiң салық, сондай-ақ алым және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары билiк етуi шектелген мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Заңды тұлға - салық төлеушiнiң салық, сондай-ақ алым және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары билiк етуi шектелген мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы

    "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

    Заңды тұлға - салық төлеушiнiң салық, сондай-ақ алым және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары билiк етуi шектелген мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

    Қазақстан Республикасының Премьер-министрi

    Қазақстан Республикасы

    Министрлер Кабинетiнiң

    1995 жылғы 12 шiлдедегi

    N 952 қаулысымен

    БЕКIТIЛГЕН

    Заңды тұлға - салық төлеушiнiң салық, сондай-ақ алым және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары билiк етуi шектелген мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы ЕРЕЖЕ

    I. Жалпы ережелер

    1. Салық төлеушiнiң тыйым салынған мүлкiн өткiзу жөнiндегi мамандандырылған ашық аукцион ретiнде (бұдан әрi аукцион) салық төлеушiнiң мемлекеттiк бюджет алдындағы салық, сондай-ақ алым мен басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұл мен өсiм жөнiндегi бюджетке берешегiн өтеу мақсатында салық қызметі органдары билiк етудi шектеген мүлкiнiң сатылуы өткiзiлетiн орын ұғынылады.

    2. Аукцион өткiзудi ұйымдастырушы мүдделi салық қызметiнiң органдары (бұдан әрi - Сатушы) болып табылады. Аукционға Сатушының өкiлдерi мiндеттi түрде қатысуы тиiс және салық төлеушiнiң - билiк етуi шектелген меншік иесінің (шаруашылықты жүргізу құқығына ие кәсіпорын) өкілдерi де қатыса алады. Егер аукционның өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы хабардар етiлген салық төлеушi аукционға келмесе, онда саудаластық оның қатысуынсыз өткiзiледi. Бұл ретте хабардар ету деп басшыға немесе оның орнындағы адамға қол қойдырып табыс ету немесе салық төлеушi заңды тұлғаның билiк етуi шектелген мүлкiнiң тiзiмдеме актiсiнде салық төлеушiнiң көрсеткен заңды мекен-жайы бойынша арнайы хатпен аукционның өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы жазбаша хабарламаны жолдау ұғынылады.

    3. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Мамандандырылған аукционды өткiзушi) аукционды өткiзушi болып табылады.

    4. Мамандандырылған аукцион өткiзушi салық төлеушi-борышқордан аукциондық сату шарттары бойынша өткiзу үшiн мүлiк қабылдайды, сонымен бiрге тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу және (немесе) сақтау тәртiбi айқындалады.

    5. Осы Ережеге сәйкес өткiзiлетiн аукционға сатып алушы ретiнде жеке тұлғалар және меншiк нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар, оның iшiнде билiк етуi шектелген мүлiктiң иесi салық төлеушi де (бұдан әрi - Сатып алушы) қатыса алады.

    Осы Ереженiң 8-1-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi мамандандырылған ашық аукционға қатысушыларға ерекше талаптар белгiлеуге құқылы.

    6. Аукцион арқылы сатылатын мүлiк (жылжитын, жылжымайтын) бұдан әрi "тауар, тауарлар" деп аталады.

    7. Салық қызметi органдарының аукционға қоятын билiк етуi шектелген мүлiктiң рыноктағы бағасын белгiлеу үшiн құрамына Сатушының, Мамандандырылған аукцион өткiзушiнiң өкiлдерi және аудитор (бағалаушы) кiретiн комиссия құрылады. Аудитордың көрсеткен қызметiне ақы төлеу Мамандандырылған аукцион өткiзушінің комиссиялық сыйақысы есебiнен жүзеге асырылады.

    Комиссия салық комитетi төрағасының бұйрығымен құрылады.

    II. Аукционды өткiзуге дайындық

    8. Сатушы жасалған сауда шартына сәйкес Мамандандырылған аукцион өткiзушiлердің тауарлардың атауы, саны, тауарлар жөнiндегi қажеттi құжаттаманы тiркелуге жататын мүлiк бойынша құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерiмен қамтитын билiк етуi шектелген мүлiктiң тiзiмдеме актiсiн бередi, сондай-ақ онымен аукцион өткiзiлетiн күндi белгiлейдi, бiрақ ол мүлiкке билiк етуi шектелген сәттен 30 күннен кешiктiрмей өткiзiлуге тиiс. Мамандандырылған аукцион өткiзушi Сатушы тапсырған тiзiмдеме актiсi негiзiнде аукционға қатысушыларға сатылатын ақпараттық бюллетень жасайды..

    Аукционда сатылатын тауарлардың әуелгi (бастапқы) бағасын Мамандандырылған аукцион өткiзушi белгiлейдi комиссия қатысқан кезде, олардың нарықтық бағасын, бiрақ комиссия белгілегеннен кем емес негiзге ала отырып.

    Салық қызметi органдарының билiк етуi шектелген мүлiктiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды сатудың тәртiбi мен шарттары бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен айқындалады.

    8-1. Салық төлеушілердің - заңды тұлғалардың республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал етуі мүмкін, салық қызметі органдары билік етуді шектеген мүліктерін сату кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімдерімен мамандандырылған ашық аукцион өткізудің ерекше тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.

    9. Мамандандырылған аукцион өткiзушiлермен аукционда сатуға ұсынылатын тауарлар туралы ақпараттық хабарлама даярлап, оны аукцион өткiзiледi деп жарияланған күннен кемiнде 10 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.

    10. Ақпараттық хабарлама мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс: аукцион өткiзiлетiн күн, уақыт және орын; Сатылатын мүлкінің жалпы құны көрсетіліп, аукционға қойылатын салық төлеуші - заңды тұлғаның атауы; аукционға қатысу үшiн төленетiн ақша және ол аударылуға тиiс Сатушының арнаулы шотының реквизиттерi; аукцион шығасысын өтейтiн жарна сомасы және ол аударылуға тиiс Мамандандырылған аукцион өткiзушiлер арнаулы шотының реквизиттерi; аукционға қатысу үшiн өтiнiм қабылданатын мекен-жай, уақыты және мерзiмi; Сатушының қалауы бойынша өзге де ақпараттар.

    III. Сатып алушылардың аукционға қатысу шарттары

    11. Аукцион арқылы сатылатын тауарларды сатып алғысы келетiн Сатып алушылар несие төлеу тиiс. Сатып алушы Мамандандырылған аукцион өткiзушiлердің қатысуға өтiнiшiн және несие төлегенi жөнiнде төлем құжаттарын бередi.

    12. Аукцион шығасысы Сауда ұйымдастырушыға тиесiлi комиссиялық сыйақы есебiнен жабылады. Комиссиондық сыйақының мөлшері Сатушы мен Мамандандырылған аукцион өткізушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады, ол сатудан алынған қаражаттың 10%-нен аспауға тиіс.

    13. Мамандандырылған аукцион өткiзушiлермен саудадағы (аукционға) қатысушылардың билеттерiн даярлайды, олар мынадай мәлiметтердi қамтиды:

    Сатып алушының саудаға қатысу нөмiрi;

    Сатып алушы саудаға қатысып отырған тауардың атауы;

    сауданы өткiзу шарттары.

    14. Сатып алушы саудаға (аукционға) қатысушы мәртебесiн билеттi алған сәттен, бiрақ сауданы өткiзу уақытынан 2-3 күннен кешiктiрмей алады;

    Саудаға (аукционға) қатысушының;

    саудаға өзi немесе өз өкiлдерi арқылы қатысуға;

    саудаға салынатын тауар жөнiнде қосымша тегiн мәлiметтер, нақтылаулар алуға;

    саудада сатылатын тауарды алдын-ала көруге;

    құқығы бұзылған жағдайда сотқа немесе төрелiк сотқа шағым жасауға;

    аукцион өткiзiлуiнен кемiнде 5 күн бұрын жазбаша хабарлай отырып, саудаға қатысу жөнiндегi өз өтiнiшiн қайтарып алуға құқығы бар.

    15. Саудаға қатысушы болып табылмайтын адамдарға кiру билеттерi сатылады. Кiру билеттерiнiң саны мен олардың бағасын Мамандандырылған аукцион өткiзушiлермен айқындайды.

    IV. Сауданы өткiзу тәртiбi

    16. Сауда, егер оған саудаға (аукционға) қатысушының кемiнде екеуi қатысса, өткiзiледi.

    17. Сауданы өзара келiсiмде айқындалған шарттар бойынша Мамандандырылған аукцион өткiзушiлермен жалдаған аукционшы өткiзедi.

    Аукционшы сатуға қойылатын тауарларды ауызша сипаттайды.

    Тауардың бастапқы бағасын жарияланған сәт сауданың басы болып табылады.

    Тауардың бастапқы бағасы хабарланғаннан кейiн 10 минут iшiнде оны сатып алуға дайын тұрған сатып алушы табылмаса, ал саудаластыққа қатысушылар саны үшеуден кем болмаса, аукционшы тауардың бағасын Сатушының және Саудаластықты ұйымдастырушының келiсiмi бойынша старттық бағасынан көп дегенде 40 процентке арзандатуға құқылы.

    Егер тауардың бағасы кемiтiлгеннен кейiн сатылмаса, оны аукционға салу тоқтатылады. Тауар аукционнан алынады және бастапқы бағасын өзгертумен, Сатушылар мен Сауда ұйымдастырушылар арасындағы келiсiммен, салық төлеушiлердiң келiсiмi бойынша аукционға қайта қойылуы мүмкiн. Егер бастапқы бағадан кем емес баға бойынша тауар сатып алуға ниет бiлдiрушi сауданың бiр ғана қатысушысы келсе, аукцион болмады деп саналады, ал тауар осы қатысушыға сату үшiн саудадан алынады. Мұндай жағдайда, салық төлеушi-борышқор мен сатып алушы арасында Сауда ұйымдастырушысы комиссиялық сыйақы төлей отырып, сатып алу-сату шарты жасалады.

    18. Сауда барысында қатысушылар өз билеттерiнiң нөмiрiн аукционшыға көрсетiп, өз бағасын атайды.

    19. Егер аукционшы соңғы бағаны үш рет жарияланғаннан кейiн саудаға қатысушылардың ешқайсысы одан жоғары бағаны атамасы, аукционшы балғаны соғумен бiр уақытта соңғы бағаны атаған қатысушының тауарды сатып алғанын хабарлайды.

    20. Сауда барысында тауарға соңғы бағаны ұсынған қатысушы Мамандандырылған аукцион өткiзушiлермен белгiлеген уақыт Мамандандырылған аукцион өткiзушiлер өкiлiне қатысушы билетiн көрсетуге және сауданың қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюға тиiс. Хаттамаға Мамандандырылған аукцион өткiзушiлер, Сатушының өкiлдерi, сондай-ақ аукционшы қол қояды.

    21. Хаттамада сатып алушы, тауардың атауы, тауардың бастапқы құны мен сату бағасы, сондай-ақ сатып алу-сату шартына қол қою жөнiндегi тараптардың мiндеттемелерi және сатып алушының сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқаны үшiн жауапкершiлiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

    Сауда қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесi Сатып алушыға берiледi және ол сатып алу-сату шартын жасауға құқық беретiн құжат болып табылады.

    22. Сауда қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан қатысушы саудаға одан әрi қатысу құқығынан айырылады. Мұндай жағдайда аталған тауар бойынша сауда қайта жалғасады немесе тауар келесi саудаға шығарылады. Бұл туралы шешiмдi Сатушы қабылдайды.

    23. Баға айырмасын (арзандату мөлшерiн) салық төлеушi төменде көрсетiлген тәртiппен өтейдi.

    Егер аукциондық сатудан кейiн салық төлеушiнiң мүлкi толық немесе iшiнара өтпей қалса, мүлiкке билiк етудi шектеу жөнiндегi енгiзiлген шешiм салық органы салық төлеушiге - сатылатын мүлiктiң иесiне келiсiм жағдайында мүлiктiң өтпеген бөлiгiн қайта бағалау (арзандату) жөнiнде ұсыныс жасайды және сонымен бiр мезгiлде олардың құнының кемiген айырмасын өтеу мақсатында мүлiктiң қосымша санынан билiк етудi шектеу жөнiнде шешiм енгiзiледi.

    24. Сатудың және бюджетпен есеп айырысудың аяқталған жөнiнде салық органынан жазбаша хабарлама алғаннан кейiн аталған мүлiк салық төлеушiнiң балансынан шығарып тастауға жатады.

    25. Егер салық төлеушi салық және бюджетке төлемдер бойынша берешегiн билiк етуi шектелген мүлiктiң саудасы басталғанға дейiн өтесе, онда бұған дейiн аукционды ұйымдастыруға байланысты шыққан барлық шығынды салық төлеушi төлейдi.

    V. Сатып алу-сату шарты

    26. Сауда аяқталғаннан кейiн сауда қорытындылары туралы хаттама негiзiнде Сатып алушы мен Сатушы тауарды сатып алу-сату шартына қол қояды. Онда шарттың мәнiсi, жақтардың құқы, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, толық сату құны мен төлем нысаны, төлем қаржысын аудару үшiн Сатушының арнаулы бюджеттiк шотының нөмiрлерi және басқа да шарттар көрсетiледi.

    27. Тауардың толық сату құны тауарды сатудың түпкiлiктi бағасы болып табылады.

    28. Толық есеп айырысу тiкелей сауда аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. 3 банктiк күн iшiнде қатысушы сатып алғаны (тауар) үшiн тиесiлi соманы арнаулы бюджет есептерiне аударуы тиiс.

    Егер сатып алушы 3 банктiк күн iшiнде сатып алғаны (тауар) үшiн тиесiлi соманы төлемесе, онда сатып алу-сату шарты бұзылған болып есептеледi және Сатып алушының төлеген несие сомасы қайтарылуға жатпайды. Мамандандырылған аукцион өткiзушi баға ұсынған (неғұрлым жоғары) басқа саудаға қатысушыға ұсынады, ол сатып алуға тiлек бiлдiрсе, онымен сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды, хаттама негiзiнде Сатып алушы мен Сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады.

    29. Мамандандырылған аукцион өткiзушi Сатушыға оның сауданы өткiзу қорытындылары туралы талаптарына сәйкес есеп бередi, бұл есепте аукционға қабылданған тауарлардың саны, бағасы мен құны, аукционда сатылған тауарлардың саны, бағасы мен құны, Сатып алушының алған тауарларына төлем жасау фактiсiн растайтын құжаттар, сауданы өткiзуге кеткен шығыстар мен басқа да қажеттi мәлiметтер көрсетiлуi қажет.

    30. Сауда өткiзу жөнiндегi Сатып алушының жарна сомаларымен және кiру билеттерiнiң құнымен өтелмеген шығыстар мүлiктерi аукционда сатылған салық төлеушiнiң есебiнен жүзеге асырылады.

    VI. Аукциондық сату алымдарды төлеу тәртiбi

    31. Салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары тыйым салған мүлiктердi сату жөнiндегi мамандандырылған ашық аукционның ұйымдастырушылары мен өткiзушiлерi аукциондық сату алымдарын 0 ставкасымен төлейдi.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.