"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 мамыр 2016 ж.

    «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы қазан жарияланған, № 10, 283-құжат), Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    аталған бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережеде:

    18-тармағың мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. Кондоминиум объектiсiн тiркеу өтiнiш тiркеушi органға түскен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде жүзеге асырылады».

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

    3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

    1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша шаралар қабылдасын.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Әділет министрі

    Б. Имашев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ақпарат және коммуникациялар

    министрі

    _____________ Д.Ә.Абаев

    3 маусым 2016 жылы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрі

    _____________ Қ.У. Бишімбаев

    14 маусым 2016 жылы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.