Сайрам ауданы әкімдігінің 25 ақпан 2016 жылғы №123 «Сайрам ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 маусым 2016 ж.

    Сайрам ауданы әкімдігінің 25 ақпан 2016 жылғы №123 «Сайрам ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 8 сәуір 2016 жылғы Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Сайрам ауданы әкімдігінің 25 ақпан 2016 жылғы №123 «Сайрам ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3686 тіркелген, 15 және 22 сәуір 2016 жылғы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.

    Аудан әкімі

    С.Сапарбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.