«Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №88 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №88 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3042 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 27 ақпанда «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған).
2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.
Аудан әкімі
Қ.Абдуалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.