Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда «Костанайские новости» газетінде, 2009 жылғы 30 қаңтарда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
«
|
656.
|
Тобол өзені
|
»
деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Облыс әкімі
А. Мұхамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.