Шарын ауылдық округі Шарын ауылының көшесіне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 маусым 2026 ж.

    Шарын ауылдық округі Шарын ауылының көшесіне атау беру туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуіріндегі қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шарын ауылының батыстан шығысқа қарай:

    1) төртінші көшесіне – Сұлтан Бейбарыс көшесі;

    2) он бірінші көшесіне – Қажымұқан көшесі атауы берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шарын ауылдық округінің әкімі

    Б.Алғазиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.