Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 «Ауылдық елді мекендерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 маусым 2026 ж.

    Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 «Ауылдық елді мекендерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 «Ауылдық елді мекендерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Аталған шешіммен айқындалған ауылдық елді мекендерге, кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

    Б. Жусупов

    Ақмола облыстық

    мәслихатының 2026 жылғы

    19 маусымдағы

    № 8С-30-4 шешіміне

    қосымша

    Ақмола облыстық

    мәслихаттың 2021 жылғы

    21 желтоқсандағы

    № 7С-13-3 шешіммен анықталған

    Ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшері

    1 тарау. Жалпы ережелер

    1. Ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының осы жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

    Әлеуметтік қолдау кадрлар тапшылығын жою, мамандарды ынталандыру және жергілікті жерлерде ұстау мақсатында ұсынылады.

    Осы Қағидаларда көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағында, «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығында көзделген білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен, ауыл әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары болып табылмайды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген).

    2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

    2) жұмыс беруші - Ақмола облысының тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;

    3) жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа кемінде бес жыл мерзімге келген мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлем түріндегі біржолғы көмек болып табылады;

    4) медицина қызметкері - жоғары кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

    5) фармацевтикалық қызметкер - жоғары фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

    2 тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

    3. Әлеуметтік қолдау келесі мөлшерде ұсынылады:

    1) Ақмола облысының облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлерге 5 000 000 (бес миллион) теңге;

    2) Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалаларына, ауылдық жерлеріне және кенттеріне жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлерге 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге;

    4. Ақмола облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарына тартылған және жұмысқа орналастырылған және жоғары медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломы бар қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

    5. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетілмейді:

    уақытша лауазымға орналасқандарға (жүктілік және босану бойынша демалыс, бала күтімі бойынша демалыс);

    1 ставкадан төмен лауазымдарды атқаратындарға;

    әлеуметтік қолдау алмаған қызметкерлерді қоспағанда, жақын ауылдық жерлерден тартылған және осы медициналық ұйымда 1 жылдан астам жұмыс істейтін.

    6. 2025 жылдан бастап уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық ұйымдармен еңбек шарттарын жасасқан қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін өтінім беруге құқылы.

    7. Қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

    әрбір қызметкерге мемлекеттік медициналық ұйым басшысының қолы қойылған ілеспе хат және қолдаухат;

    өтініш;

    еңбек шартының көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    жеке куәліктің көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    жұмысқа жолдаманың көшірмесі;

    жоғары кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    тиісті қызметке жіберу туралы сертификаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі;

    Екінші деңгейдегі банктің карточкалық базасында 20 таңбалы шот ашу туралы хабарлама.

    Өтінімдер келіп түскен күні мен уақытын міндетті түрде көрсете отырып (қолма-қол) кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тіркеледі.

    8. Өтінімдерді құрамына уәкілетті органның өкілдері кіретін әлеуметтік қолдауды бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) қарайды.

    Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс.

    Комиссияның төрағасы уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға болып табылады.

    Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

    9. Комиссия айына кемінде бір рет отырады. Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған шешіммен хаттама ресімделеді.

    10. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген қызметкерлер ұсынған құжаттарды қарайды және он бес жұмыс күні ішінде тиісті шешім қабылдайды.

    11. Комиссияның оң шешімі негізінде қызметкер шарт жасасады, ол бойынша кемінде 5 жыл жұмыс істеуге міндеттенеді.

    Жұмыс өтілі кезеңінде қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі есепке алынбайды.

    12. Біржолғы төлем шарт жасалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде екінші деңгейдегі банкте ашылған қызметкерлердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

    Төлемді қайта алуға жол берілмейді.

    13. Қызметкермен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

    Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару тәртібі еңбек шартында көзделеді.

    14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген негіздер бойынша төленген әлеуметтік қолдауды қайтаруды қызметкерлер жұмыс істеген уақытына барабар жүргізеді.

    Қызметкер төленген әлеуметтік қолдау сомасын ерікті түрде қайтарудан бас тартқан жағдайда, бұл сома Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынады.

    15. Қызметкерлердің уәкілетті органның не комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.