Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына:

    2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

    «8. уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамның Ақмола облысы бойынша филиалы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Ерейментау аудандық бөлімшесі;»;

    21 тармақ алып тасталынсын.

    2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы

    А. Сырымбетов

    Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы

    Қ. Махметов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Ерейментау ауданының әкімі

    Е. Нұғыманов

    «24» мамыр 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.