Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 44 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Әмірғасымға жүктелсін.
Аудан әкімі
С.М.Әбеуова
.
Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 03 маусымдағы
№ 23/03 қаулысына қосымша
Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 12/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3160 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 20 (7494) «Тоқырауын тынысы» аудандық газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. «Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3140 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) «Тоқырауын тынысы» аудандық газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. «Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/05 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3139 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) «Тоқырауын тынысы» аудандық газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
4. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/04 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3138 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) «Тоқырауын тынысы» аудандық газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
5. «Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3115 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) «Тоқырауын тынысы» аудандық газетінде, 2015 жылғы 08 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
6. «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3114 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) «Тоқырауын тынысы» аудандық газетінде, 2015 жылғы 08 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
7. «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2750 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 40 (7460) «Тоқырауын тынысы» аудандық газетінде, 2014 жылғы 19 қараша «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.